26 Наурыз, 2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

1201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласына еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге байланысты облыстың Қамысты, Қарасу, Меңдіғара, Таран аудандары мен Лисаков қаласында акция және концерт өтті.

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

Онда тұрғындар Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген еңбегін, алысты көретін саясаткер екенін айтты. Әсіресе, аға буын өкілдері еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауыр жылдардан аман шығып, дамудың жолына түскенімізді тілге тиек етті. Олар осыдан 30 жыл бұрынғы уақыт пен бүгінімізді салыстыруға келмейтінін, әлемнің көптеген елдерінен жағдайымыздың ешқандай кем еместігін айтты. Сондықтан Елбасының өзіні өсірген қаласына – елордамызға оның атын беру өте жарасымды екенін көпшілік қолдады.


«Мен астананымыздың аты өзгергенін қуана қолдаймын. Бұл Елбасы еңбегіне берілген әділ баға деп білемін. Сол кісінің арқасында еліміз соғыссыз, бейбіт өмірде өмір сүріп келеміз, әлеуметтік жағдайымыздың да жақсарғанын ардагерлер де, жастар да айтып жатыр» деді «Нұр Отан» патиясы Таран аудандық филиалы төрағасының орынбасары Айнаш Даданова.

Мұндай жылы, шынайы пікірлер өзге аудандарда өткен акцияларда да көпшіліктің аузынан көп естілді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай