29 Наурыз, 2019

Ағылшын тілін жетік білу – артықшылық

950 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ағылшын тілін жетік білу – артықшылық

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйт­кені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, ұстаз – ұлағатты есім. Шы­­на­йы ұстаз шәкірт жүрегіне жол таба біле­ді, жастарға бағыт-бағдар беріп, оларды адам­гер­ші­лік­ке, адал­дық­қа, білімге ұмтылуға жетелейді. Сондай асыл қасиет­терді бойына жиған ұстаз­дың бірі – Маң­ғыс­тау облысының Жаңаөзен қала­сындағы №10 орта мектеп директорының тәр­бие жұмысы жөніндегі орынбасары, химия пәні­нің мұғалімі Эльмира Досыбай. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақы­тын аялау» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айт­қандай, Эльмира ұстаздықтың қыр-сырын мең­ге­руге жете талап­та­нудың нәтижесінде жас та болса көп­теген жетіс­тік­ке қол жеткізді. 

Жұбайы әскери қызметкер болғандықтан, Жаңа­өз­ен қаласындағы №10 орта мектебіне жуыр­да ауысып келген Э.Досыбай бірқатар мәдени іс-шара мен химия пәні бойынша ашық сабақтар, қала көлемінде бірнеше семинар өткізіп, жастарға саналы тәрбие мен терең білім беруде ұжым мен ата-аналар тарапынан ілтипатқа ие болып отыр.

Жақында мектебіміздің 7 «А» сынып оқушы­ла­ры­мен үш тілде оқытуға байланысты жаңа форматта ағылшын тілінде өткізген қалалық семинарға қатысу­шылар, мұғалімдер және ментор Перизат Байти­кова мұғалімнің ағылшын тілінде сабақ өткіз­уін, жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануын, бейне және фото материал­дар­ды орынды пайдалана білуін жоғары бағалады. Жуырда Э.Досыбай қала­лық мұғалімдер олимпиадасында ІІ орынға ие болды. Мектеп тыныс-тіршілігіне қарап, берілген тап­сыр­маны уақытымен атқарғаны үшін Жаңаөзен қала­лық жастар ресурстары орталығының директоры Ғ.Құрманғалиевтің алғыс хаты және төсбелгісімен мара­патталды.

«Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрсе­лерді жадында жақсы сақтайтын, еш­нәр­сені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақ­тайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көр­се­тіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп дана әл-Фараби айтқандай, Эльмира Келдебекқызының балалар алдында өзінің барлық адами болмысымен, педа­го­ги­ка­лық мәдениетімен үлгі болуы көңілге шуақ құяды. 

Айнұр ШАМОВА,

№10 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы