29 Наурыз, 2019

Суармалы жерлер көбейеді

898 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында суармалы жерлерді көбейту жайлы айтылды.

Суармалы жерлер көбейеді

Жиында облыс әкімі облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы басқармалары және Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, «Қазсушар» кәсіпорнының Қызылорда филиалы басшыларына, сондай-ақ, қала мен аудан әкімдеріне өңірдің суармалы егіншілігін дамыту жөнінде жер көлемі, суару тетіктері мен жобаны қаржыландыру көздері көрсетілген іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Облыстағы суармалы жерлердің көлемін 300 мың гектарға ұлғайтуға толық мүмкіндіктер бар. Аймақта 249,8 мың гектар суармалы жерлердің 236,8 мың гектарына егіс егуге болады. Қосымша жұмыс тобымен 96 мың гектар жаңа суармалы жерлер анықталып отыр. Осылайша суармалы жерлердің көлемін 332 мың гектарға жеткізу мүмкіндігі бар. Сондықтан, біз жаңа суармалы жерлерді игеруді Үкіметтің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы іске асыруымыз қажет», деді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар