Қазақстан • 05 Сәуір, 2019

«ҚазАгро» холдингінің» жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акционердің бұйрығымен «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы болып Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы тағайындалды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазАгро» холдингінің» жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

Қарашөкеев Ербол Шырақбайұлы - 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, құқықтану бакалавры,  сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және құқық институтының экономика магистрі дипломы бар.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігінің Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасында бастаған. Әр жылдары «Медикус Центр» ЖШС БК-да басшылық лауазымында болды, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қаржы департаментінің директоры – Басқарма мүшесі (2003-2006),  ҚР Қаржы министрлігі «Жиынтық-талдау департаментінің директоры (2006-2007), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры (2007), «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2007-2009),  «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК бас директоры (2010-2012), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «ҚБТУ» мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты ЖШС Бас директоры (2012-2013), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2013-2016). 2016-2019 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды, содан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.