03 Мамыр, 2012

Аттестаттау – құқықтық қайта құрылу қадамы

333 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Аттестаттау – құқықтық қайта құрылу қадамы

Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:51

Негізсіз қудалау болмайды

Мемлекет басшысының Жарлы­ғы­на сәйкес құқық қорғау органдары­ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау яғни, теріс пиғылды қыз­мет­керлерден қаржы полициясы қатарын тазарту қоғамға үлкен көмегін тигізбек.

 

Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:51

Негізсіз қудалау болмайды

Мемлекет басшысының Жарлы­ғы­на сәйкес құқық қорғау органдары­ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау яғни, теріс пиғылды қыз­мет­керлерден қаржы полициясы қатарын тазарту қоғамға үлкен көмегін тигізбек.

Осыған орай Қаржы полиция­сы­ның басшысы Р.Түсіпбеков құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау барысында заңдылық және шынайылықты қам­та­ма­сыз етуді тапсырды. Аттестаттаудан тек адал, әділ, өз ісін жақсы мең­герген білікті де құқықтық сауатты маман өте алады. Өйткені, Елбасы құқық қорғау органдарын аттестат­тау­ға аса зор мән беріп отыр. Демек, ең алдымен, жұмыс тиімділігі көрінуі тиіс. Сондықтан Қаржы полиция­сы­ның күші заңды ықпал жасау шара­ларын қабылдаумен қатар, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қыл­мыстарды жасауға мүмкіндік туғы­за­тын себептер мен жағдайларды жою­ға бағытталатын болады. Ол үшін жүргізілген талдау жұмысының сапа­сын арттыру және қолжетімді ақпарат көздерін пайдалана отырып, қыл­мыс­тық қауіптерді анықтайтын орталық құру жоспарланған. Бұл үшін Р.Тү­сіпбеков қаржы полициясы орган­да­ры жұмысының тиімділігін бағалауға шынайы өлшем бола алатын аза­мат­тық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды өрістетуді, қоғамдық сұ­рау­лар мен зерттеулердің нәтижелерін мұқият қарауды тапсырды.

Ведомство басшысы жедел бөлім­шелерден қылмыстардың дайын­да­луы кезеңінде және оларды жасаудың бастапқы мерзімінде жолын кесуді талап етті. Бұл мемлекетке зиян кел­тірудің алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, заңсыз жолмен алын­ған немесе ұрланған мүлікті анықтау және мемлекетке келтірілген залалды өндіру басты мақсаттардың бірі ретінде белгіленді.

Агенттік төрағасы жеке құрамға жүйелі сыбайлас жемқорлықты жою міндетін тек жоғары лауазымды тұл­ға­ларды ұстау деп ұғынбау қажеттігін түсіндірді. Азаматтармен тұрақты түрде жұмыс жасайтын қызметкерлер санаты назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені, бақылау органдарының қа­тар­дағы қызметкерлерінің көбісі пара алуды тұрақты жүйеге айналдырған. Заңды ықпал ету тетіктерімен қатар, ведомство басшысы қылмыстарды жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жоюға бағыт­талған шараларды іске асыруды да алға міндет етіп қойды. Атап айт­қан­да, соттық-тергеу тәжірибесін жүйе­лік талдау негізінде ол әкімшілік тос­қауылдарды, бақылауды және рұқсат құжаттарының санын азайтуға бағыт­тал­ған ұсыныстар дайындауға тап­сыр­ма берді. Сонымен бірге, Р.Тү­сіп­беков статистикалық көрсеткіштерді жасанды арттыру тәжірибесін жою керектігін атап өтті.

Агенттік төрағасының айтуынша, тек Қарағандыда ғана өткен жылы келтірілген шығынды жабу мөлшері 14 млрд. теңгеге негізсіз көрсетілген. Сөйтіп, қайта санау барысында есепте көрсетілген өндірудің нақты мөл­шері 78 пайыздың орнына 3 пайызды құраған. Статистикаға сәйкес, қазіргі таңда тергеу алды тексерістері бірнеше рет ұзартылған. Мәселен, ол 2011 жылы 16 мың мәрте бастарту мате­риал­дары арқылы бірнеше айға ұзар­ту орын алған. Бұл уақыт ішінде адам­дар сансыз жауап алу астында қалған. Осы жағдайларды ескере оты­рып, азаматтардың құқықтарын қор­ғау мақсатында қызметті бағалаудың жаңа өлшемі енгізілді, ол – тергеу алды тексерістерінің уақытын азайту.

Экономикалық қылмыстармен кү­рес­те басты міндет елдің экономи­калық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни бюджет қаражатын үйлестірудің заңдылығын қамтамасыз ету мен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес. Сон­дықтан алқа мәжілісінде шаруа­шы­лық субъектілерінің қызметіне заңсыз аралауға жол бермеу мәсе­ле­леріне баса назар аударылды. Қаржы полициясын оған тиісті емес міндеттерден босату үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзге­ріс енгізу ұсынылмақ. Ол бой­ынша қаржы полициясы қарайтын құқық бұзушылықтардың саны азайтылады. Бұл қызметкерлердің кәсіпкерлік субъектілермен қарым-қатынас негіздерін азайтуға мүм­кіндік береді.

Бұған қоса, агенттік төрағасы бизнеске заңсыз араласуды бол­дырмау мақсатында Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша департаменттерінде қанатқақты жо­ба­ның жүзеге асырылып жатқандығын хабарлады. Оған сәйкес арыз қаржы полиция­сы­на түскен кезден бастап оны қарауға тергеуші қатысатын болады. Осының арқасында қыл­мыстық сипатқа жат­пайтын арыздар бойынша тергеу алды тексерісін тағайындау азай­ты­ла­ды, яғни кәсіп­керлерді қылмыстық қудалауға негізсіз жол берілмейді.

Әрине, жемқорлықпен күрес ту­ра­лы аз айтылып, кем жазылып жатқан жоқ. Алайда, сыбайласқан жемқор­лық қылмысы артпаса, азаймағаны анық байқалады. Олардың арасында араны ашылғандарының ұсталып жат­қандары да баршылық. Бірақ қазынаның қаржысын, жұрттың ақ адал ақшасын жеуді қолынан келетіндер, яғни билік тұтқасын ұстағандар тоқтатар емес. Мұның сыры енді белгілі болғандай көрінді. Бәріміз сенім артатын құқық қорғау органдарының ішінде жемқорлық деңгейі жоғары көрінеді. Жемқорлықты, қылмысты құртады деген органның өзі сол қылмысқа бастау, ал жемқорлыққа жақын болса, не күтуге болады? Демек, ондай органдар қызмет­керле­рінің қазіргі әрекет етіп жатқан­дарының бәрін түгел дерлік сыпырып тастап, орындарына жаңадан жи­нақтау керек. Сонда бұл аттестаттаудан бір нәтиже шықпаса, көріңіз.

Мәселен, өткен жылы қаржы по­лициясы органдарына кәсіпкерлерден 5 мыңға жуық арыз бен шағым түскен. Олар бойынша бизнес өкіл­дері­нің құқықтары мен заңды мүд­де­лерін қорғауға бағытталған тиісті шаралар қабылданды. Егер 2010 жылы шағын және орта бизнес субъекті­лері­нің қызметіне заңсыз араласу және кедергі жасау деректері бойынша қар­жы полициясы 137 қылмыстық іс қозғаса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 81 пайызға артып, 249-ға жетті. Ағымдағы жылғы 2 айда ғана кәсіпкерлердің арыздары бойынша аталмыш санатта 98 қылмыстық іс қозғалды. 2010-2011 жылдары кәсіп­кер­лік қызметке заң­сыз араласқан және кедергі жасағаны үшін 212 лауазымды тұлға сотталып тынды. Олардың дені кімдер дейсіз ғой. Бірер мысал келтірейік.

Агенттік төрағасының бұйрығы­мен өткен жылдың қазан айынан бастап қаржы полициясының аумақтық бөлімшелерінің басшылары аптаның әр сәрсенбісі күні кәсіпкерлерді қа­был­дайтын болды. Мысалы, ағым­да­ғы жылғы ақпанның ортасында Қара­ғанды облысы бойынша департамент бастығына арызбен бір кәсіпкер жү­гінді. Арыз негізінде жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтиже­сін­д­е пара алу дерегі бойынша бірден 2 мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды.

Соның бірі – Бұқар Жырау ауда­ны­ның өрт сөндіру және құтқару қыз­меті бөлімінің қарауыл бастығына қатысты қылмыстық іс. Ол кәсіпкерге алкогольді өнімді сатуға лицен­зия­ алу үшін өрт қауіпсіздігінің жал­ған актісін беріп, 30 мың теңге пара алды деп айыпталуда. Сол сияқты Аты­рау облысында талаптарға сәй­кес­тігі туралы актілерді бергені үшін 3 фирманың өкілдерінен жалпы мөлшері 5400 АҚШ долларын алды деген айыппен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қос бас ма­маны қамауға алынды. Алматы қаласында 5 жылға әскери бөлім ко­ман­дирінің құқықтық жұмыс бойын­ша көмекшісі сотталды. Ол әскери қызметкерлерге арналған пәтерлерді тапсыруды кешіктіргені үшін айып­пұл салмаймын деп «RG Traid» ЖШС директорынан 20 мың АҚШ дол­ларын иемденуге оқталған. Шығыс Қазақстан облысында Курчатов қа­ла­сының әділет басқармасының басты­ғы К.Қарымсақов 10 жылға бас бос­тан­дығынан айырылып сотталды. Ол 20 мың 500 АҚШ доллары мен 254 мың теңге пара алған.

Елбасының кәсіпкерлікті заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз ету, негізсіз тексеріс жүргізу деректерін жою тапсырмасына сәйкес агенттік төрағасы қаржы полициясы орган­дары­ның шағын және орта бизнес субъектілерін тексерудің ережелерін белгілейтін нұсқауға қол қойды. Қар­жы полициясы орган­дарына алдын ала жедел тексерусіз қызметкерлердің баянаттары және домалақ арыздар­дың негізінде тергеуге дейінгі тексерулерді жүргізуге тыйым салынды.

Тексерісті бастамас бұрын анық­тау мәліметтерін жинау және субъек­тіні жоғары тәуекелді топқа енгізу үшін автоматтандырылған ақпарат­тық жүйелерден немесе автоматтан­ды­рылған криминогендік картадан тексеріс субъектісі туралы мәлімет­тер­ді алу мүмкіндігін қызметкерлер барынша пайдалануы тиіс. Арыз­дарда азаматтық-құқықтық дау си­пат­тары болған жағдайда, тексеріс жүр­гі­зілмейді.

Қаржы полициясы қызметкерлері­нің шағын және орта бизнес қызме­тіне негізсіз араласуының әрбір жағ­дайы төтенше оқиға ретінде қарасты­рылады. Шағын және орта бизнес субъектілеріне негізсіз тексеруді бас­қа бақылау органдары арқылы та­ғай­ындау немесе бастамашылық ету деректері анықталған жағдайда, бұған негіз жасаған басшылар және орын­даушылар қаржы полициясы орган­дарынан жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапкершілік шараларына тартылады. Мәселен, өткен жылы қаржы полициясы органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен кәсіпкер­лікке заңсыз араласудың 18 дерегі анықталды. Қызметтік тексерулердің қорытындысымен әкімшілік жауапкершілікке 49 қызметкер тартылды, оның ішінде 15 басшылық лауазым­дағылар, олардың 5-і лауазымдары­нан босатылды, 2-іне қылмыстық іс қозғалды.