Сайлау • 12 Сәуір, 2019

Бәрімізден бірауыздылық талап етіледі

1086 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезектен тыс президенттік сайлау туралы шешім қабылдау, Мемлекет басшысы айтқандай, өте маңызды әрі қажет қадам. Саяси науқанды жауапкершілікпен өткізу жайы Атыраудағы партия филиалдары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің басқосуында айтылды.

Бәрімізден бірауыздылық талап етіледі

Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев: «Бұл ма­ңыз­ды шара партиялардың саяси бел­сенділігін талап етеді. Әр партия жоспарлы түрде өздерінің конференциялары мен съездерін өткізеді, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру, үміткерлерді ұсыну, тіркеу секілді жекелеген кезеңдер бар. Сайлаушыларға дауыс беруге толық жағдай жасалуы керек», деді.

Қазақстанның Коммунистік халық­тық партиясы облыстық филиа­лының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев 23 сәуірде партия съезі болатынынан хабардар етті. «Қазіргі уақытта еліміздегі этностар өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп, берекелі тұрмыс құрып отыр. Осының барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығы, көреген саясаты мен стратегиясының арқасында жүзеге асып келді. Тұңғыш Президентіміздің осы игі істерін одан әрі жалғастырып отырған Қасым-Жомарт Кемелұлының таяу арада Президент сайлауын өткізуге шешім қабылдауы қазіргі таңдағы кезек күттірмес қадам болғанын түсініп отырмыз. Яғни, ең маңыздысы – еліміздегі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу», деді Е.Дәулетқазиев.

Жиынға «Ауыл» халықтық-демо­кратиялық патриоттық партиясы облыс­тық филиалы төрағасының орын­басары Өркен Қапанов, Аты­рау об­лысы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы хатшылығының басшысы Гүл­мира Шәкірова, «Атырау облыс­тық Кәсіподақтар орталығы» аумақ­тық бірлестігі төрағасы Ізтұрған Бай­мұ­­­ханов пен облыстық ардагерлер ке­ңесі­нің төрағасы Қатимолла Ризуа­нов қатысып, ой-пікірлерін айтты.

АТЫРАУ