Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

Шетелдік журналистер «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және Алтынкөл станциясында болды

997 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың 15 сәуірінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және Алтынкөл станциясында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз-туры болып өтті.

Шетелдік журналистер «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және Алтынкөл станциясында болды

Баспасөз-турына Нидерланды, Германия, Түркия, Жапония, Франция, Корея, ҚХР, Италия және Ұлыбритания журналистері қатысты.

Алтынкөлде бас инженер Мақсат Мамбетқұлов Жетіген – Мемшекара учаскесінде орналасқан кластан тыс станция жұмысы туралы айтып берді. Бұл 2012 жылы ашылған екінші қазақстандық-қытайлық теміржол өтпесі. Станция арқылы Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне, Орталық Азияға, Қапказға жүкағаны өтеді.

Осы жерде вагондарды жеделдете тексеру мен өткізу үшін озық технологиялар мен заманауи инфрақұрылымдар құрылған.

Контейнерлік пойыздарды жөнелтуге айрықша назар аударылып келеді. 2018 жылы 916 контейнерлік пойыз жөнелтілсе, ал 2019 жылдың бірінші тоқсанында – Иран, Ауғанстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германияға белгіленген 180 контейнерлік пойыз.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА басқарушы компанияның бас операциялық директоры Бельмаши Хишам арнайы экономикалық аумақ қатысушылары жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар жайын паш етті.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Қытайдан Орталық Азияға тұтынушыларға жүктерді жеделдетіп жеткізу үшін баламалы шешімді ұсына отырып, Жаңа Жібек экономикалық белбеуін құруға толық мәнде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Бұл ең алдымен Кедендік одақ елдері үшін және одан ары Парсы шығанағы елдері мен Түркия, Орталық Азия, Қытай, Еуропа нарығына ары қарай экспорттайтын перспективалы дистрибуциялық орталығы.  

 АЭА қатысушылары болып 83 компания тіркелген, солардың 27 жер учаскелерін алған және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кеткен.

БАҚ өкілдеріне «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портының мүмкіндіктері көрсетілді. 2018 жылы «KTZE – Khorgos Gateway» порт операторымен 130 мың ЖФЭ (жиырмафунттық эквивалент), бүгінгі таңда – қазірдің өзінде 20 мың.

Журналистер сонымен қатар «Қорғас» Халықаралық шекаралық ыңтымақтастық орталығында да болды.ХШЫО бару үшін Қазақстан, Қытай және өзге де елдер тұрғындарына виза рәсімдеудің қажеті жоқ. Келушілер санының тұрақты артып келе жатқаны байқалады, 2015 пен 2018 жылдары қазақстандық тараптан 3,5 млн турист болса, қытайлық тараптан – 10 млн адам келіп кеткен.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі