Бизнес • 13 Қаңтар, 2017

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалады

6751 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2016 жылғы қаңтар-қарашада ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды, деп хабарлады Статистика агенттігі.

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалады

ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2016 жылғы қаңтар-қарашада 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,6% артты (2015 жылғы қаңтар-қарашада 3,3% қысқарды).

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2016 жылғы қарашада 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,5% артты (2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 16,3%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 11,2% артты (2015 жылғы қарашада 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 12,6% ).