Қазақстан • 23 Сәуір, 2019

Қ.Тоқаев Конституциялық кеңестен 15 жыл тұру талабының мазмұнын ашуды сұрады

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституциялық кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Қ.Тоқаев Конституциялық кеңестен 15 жыл тұру талабының мазмұнын ашуды сұрады

«2019 жылғы 23 сәуірде Республика Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. Өтініш беруші Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұрайды», делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.