Қазақстан • 30 Сәуір, 2019

Н.Дулатбеков: Бізге керегі – ең алдымен бірлік

1053 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының жетіс­тіктерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Түрлі этнос өкілдері тұрып жатқан елде ауызбіршілік пен татулықтың болуы – осындай институттардың жемісі. Бір-бірімізбен бас қосып, үлкен страте­гия­лық мәнге ие жоспарлар құрып, келешекке мақсат қою ел үшін маңызды деп есептей­мін.

Н.Дулатбеков: Бізге керегі – ең алдымен бірлік

Қазақстан Республикасы ең алдымен тыныш­тығымен, бейбіт өмірімен мақтанады. Елба­сы­ның салиқалы саясаты және салып берген даң­­ғыл жолының арқасында бір-бірімізге деген махаб­батпен, сүйіспеншілікпен, құрметпен бір үйдің ба­ла­ларындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл өз жал­ғасын тауып, мәңгілікке ұлассын деймін.

Менің ойымша, қоғамның ынтымағын нығайтуға арналған шаралар жақсы нәтижесін көрсетіп жатыр. Алда да маңызды іс-шаралар күтіп тұр. Елімізде тыныштық болсын. Қоғамда, өмірде болып жатқан мәселелер міндетті түрде шешімін табады. Бізге керегі – ең алдымен бірлік. Бірлік бар жерде – тірлік бар.


Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты