Әлем • 03 Қаңтар, 2017

Швеция халқы жақында 10 миллионға жетеді

4912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швеция халқының саны алдағы аптаның соңына қарай 10 миллион адамнан асуы тиіс. Бұл туралы Швед радиосына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Швеция халқы жақында 10 миллионға жетеді

Орталық статистикалық бюроға (ОСБ) сілтеме жасап хабарлады. «Біздің есебіміз бойынша,  бұл 20 қаңтарда  08:00-ге бірнеше минут қалғанда болады»,- деп мәлім етті халықтың саны жөніндегі  ОСБ сарапшысы Томас Юханссон. 2004  жылы Швеция 9-миллионыншы тұрғынның туғанын атап өтті.

Соңғы онжылдықта  халықтың өсімі жылдан жылға артып келеді және 2016-да  18 ғасырдан, яғни статистика жүргізілгеннен бергі ең  көп бала туу көрсеткіші тіркелді. Сондай-ақ енді 7 жылдан кейін тағы 1 миллионға өсуі күтіліп отыр.