Руханият • 19 Мамыр, 2019

Елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 мамыр күні елордада «Музей түні» шарасы аясында «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай «Жүз жылдық жылнама» көрмесі ашылды. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, басылым басшылары мен ардагер журналистер қатысты.

Елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр

Көрмеге еліміздің ғасырлық деректі тарихын тасқа басқан газеттің ескі тігінділері, сол кездегі өндірісі туралы хабар беретін жәдігерлер, газет редакциясынан жарық көрген кітаптар, басылымның түрлі жетістіктерін көрсететін құжаттар мен марапаттар сынды көптеген дүниелер қойылған.

Басылымның мерейтойына арналған кешенді шаралар жыл аяғына дейін жалғасады. Мұндай шаралар еліміздің түрлі аймақтарында биылғы қаңтар айынан басталған. Шығыс Қазақстан және Алматы  облыстарында  газет мерейтойына арналған салтанатты шаралар, кездесулер ұйымдастырылды. 

Көрме  бір ай бойы жалғасады.