Әлем • 04 Маусым, 2019

Ұлы дала өнері – Клайпедада

1284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Литваның Клайпеда қа­ла­сында өткен мәдени фести­валь аясында қазақ­стандық сурет­ші Рауза Ералиеваның авторлық сурет көрмесі ашылды.

Ұлы дала өнері –  Клайпедада

Сондай-ақ қазақстандық кинематографтардың соңғы жылдары түсірілген танымал фильмдерінің таныстырылы­мы да фестивальдың маз­­мұ­нын тереңдете түсті. Литва кө­рер­мендеріне «Ана­ға апарар жол», «Шал», «Та­лан», «Ал­мас қылыш», «Жау­жүрек мың бала» фильм­дері және «Күлтегін» анимация­лық фильмі ұсы­нылды.

Қазақстанның Литвадағы елшісі В.Темірбаев Ева­ Си­монайтите атында­ғы кі­тап­ха­нада ұйымдастырыл­ған іс-ша­раның ашылу рәсімінде қа­зақстандық өнердің көп­шілікке таралуы және елі­міз­дің мәдени әлеуетінің да­муын­дағы өркендеудің «Ру­ха­ни жаңғыру» бағдар­ламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» ат­ты Елбасы ма­қа­ласы арқылы ой­­дағыдай іс­­ке асырылып жат­қа­нын атап өтті.

Бұған қоса, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Лит­ва арасындағы мәдени диа­логты тереңдету, әсіресе жас ұрпақтардың арасында қажет екенін баса айтты.

Қазақстан өнерінің таныс­тырылымына арнайы кел­ген Клайпеда қаласының мэрі В.Грубляускас және Қа­зақстан­ның Клай­педадағы Құрметті консулы Б.Пе­трау­скас, сондай-ақ Лит­ва­­ның жетекші универ­си­тет­те­рінің ректор­лары – «Клай­пе­да универ­ситеті» мен «LCC University» ынтымақ­тас­тық­ты те­реңдетудегі қы­зы­­ғу­шы­лық­ты растады.

Ашылу салтанатына қа­тысқан «Литваның теңіз ас­танасының» тұрғындары мен қонақтары қазақ өне­рінің туын­дыларын қызыға тама­шалап, көрменің жар­қын түстері мен терең мағы­насына айрықша көңіл аудар­ды.

Суретші Рауза Ера­лие­ва­­ның көрмесі мен Қа­зақ­стан­ киносының күн­де­рі Клайпеда қаласында 5 мау­­сымға дейін жалғасады.


АЛМАТЫ