Президент • 18 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновті қабылдады

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновті қабылдады

Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімделді.

Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды. Сонымен қатар, LRT құрылысындағы жағдайды мұқият зерттеу қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.