Қоғам • 24 Маусым, 2019

Жастар Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Jas Otan төрағасы Дәулет Кәрібек Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Жастар Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады

Сонымен қатар жастар еліміздің барлық аймақтарында гуманитарлық көмек көрсету пунктерін ұйымдастырып жатыр. Олардың орналасқан жері мен жауапты тұлғалар жайлы ақпаратты ұйымның әлеуметтік желідегі ресми аккаунтынан алуға болады. Ұйымдастырушылар көмектесемін деушілерден ең бірінші кезекте гигиеналық заттар, консервілер, ұзақ сақталатын тағамдар, киімдер мен көрпелер өткізуін сұрайды.

Шымкент қаласында жасотандықтар волонтерлық көмек көрсетіп, эвакуциялық жиналу пунктерінде азаматтарды тіркеу жұмыстарына және олардың орналасуына жағдай жасауда. Шымкентте көмек көрсетем дегендер Арман 8 771 891 1117, Жұлдыз 8 747 565 1554 нөмірлеріне хабарласа алады.