Президент • 27 Маусым, 2019

Президент Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік өндіріс көлемінің азаюы мен өңірге тікелей тартылатын инвестиция қарқынын төмендетпеу керегін атап өтті. Сондай-ақ, Президент халықтың тұрмысы төмен топтарын қолдау, тұрғын үй, соның ішінде, «Бақытты отбасы» бағдарламаларының орындалуы мәселелеріне облыс басшылығы тұрақты әрі мұқият бақылауды ұстауы қажет екенін айтты. 

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Маңғыстау облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.