Спорт • 12 Тамыз, 2019

То­кио­да дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында То­кио­да дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. 143 елден 552 дзюдошы татамиде өзара мықтыны анықтайды. Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы да әлем біріншілігіне толық құраммен қатысады.

То­кио­да дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Токио татамиінде Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг), Анна Казюлина (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Иоланта Бердібекова (63 кг), Мөлдір На­ры­­нова (70 кг), Зарина Райфова (78 кг), Назгүл Ма­ра­това (+78 кг) ел намысын қорғайтын болады.

Былтырғы әлем біріншілігінде қыздар құрамасынан Галбадрах Отгонцэцэг қана қола жүлде еншілеген болатын.