Мерекені кеше Қостанай қаласындағы жаңа әсем ғимаратта өткен «Шәмші әлемі» концерті бастады. Бүгін белгілі мүсінші Хакімжан Наурызбаевқа қойылған мүсіннің белгілі өнер және әдебиет майталмандары әрі талантты мүсіншінің замандас інілері Асанәлі Әшімовтың, жазушы Төлен Әбдіктің, Қойшығара Салғараұлының қатысуымен салтанатты ашылуы өтті.
Мереке орталық алаңда өтетін «Ару қалам – Қостанайым!» атты салтанатты кешкі бағдарламамен жалғасып таппақ. Онда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды мерекемен құттықтайды, «Қостанай облысының құрметті азаматы», «Қостанай қаласының құрметті азаматы» төсбелгілері тапсырылады. Әрине, мереке сәнін ән мен жыр келтіреді, қостанайлықтар Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала концертін тамашалайды, мерекелік отшашуды қазатайды.
Қостанай