24 Тамыз, 2019

«Qostanay - adaldyk alany» студенттерге жатақхананың әділ бөлінуіне атсалыспақ

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы «QOSTANAY-ADALDYK ALANY» жобалық офисі жоғары оқу орындарындағы жатақхананың студенттерге әділ бөлінуін қамтамасыз етпек.

«Qostanay - adaldyk alany» студенттерге жатақхананың әділ бөлінуіне атсалыспақ

Офис менеджерлері Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университетіндегі студенттерге жатақхана орындарын бөлу комиссиясының отырысына қатысатын болады. Енді жатақханадан бөлмелер тек өте қажетсінген студенттерге ғана беріледі.

«Бүгінгі нарықтық экономика жоғары білікті мамандарды талап етіп отыр. Ал сапалы мамандар даярлау үшін бүгінгі студенттерге алдымен қолайлы жағдай жасауымыз керек. Жастар – прогресс қозғаушысы, болашағымыз. Алайда жатар орны шешімін таппаған студент оқуда табысқа жете алмайды, өзінің басқа салалада да крестивтік сапасын көрсете алмайды. Сондықтан жатақхана орнын әділ түрде бөлуіміз керек, – деді «Qostanay-аdaldyk alany» жобасының жетекшісі Анжела Әлжанова.

Жалпы, «Qostanay - аdaldyk alany» жобасы жас ұрпақтың бойында сыбайластыққа қарсы мәдениетті егу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу санасын қалыптастыру мақсатында құрылған.

Қостанай