Руханият • 09 Қыркүйек, 2019

Ди­маш­тың кон­цертін АҚШ-та ұйым­­дастыру біз үшін үлкен мәр­т­ебе - А.Райымқұлова

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен ғасырда әлемді «коммунизм елесі кезіп жүрсе», Құдайға шүкір, жаңа ғасырда қазақ әні әлемді баурай бастады. Кешегі «ән салатын қазақ даласының» бүгінгі перзенті, яғни қазақ баласы әнді далада емес, әлем сахнасында шырқайтын шырқау биікке көтерілді. Өркениетте өзіндік орны бар елдердің өнерді бағалай білетін жұртының өзі алаш оғланының даусына таңдай қағып, ерекше қошемет көрсетіп жатқаны – осының дәлелі.

Ди­маш­тың кон­цертін АҚШ-та ұйым­­дастыру біз үшін үлкен мәр­т­ебе - А.Райымқұлова

Сонымен 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі «Barclays Center» аренасында Димаш Құдайберген (DQ) «Арнау» бағдарламасымен аме­рикалықтарға өзінің жеке концертін ұсынады. Әдетте Қа­зақ­станды басынан қайғы бұл­­ты арылмаған көп «стан»-ның санатына жиі қосатын аме­ри­калықтардың енді дала әуені­мен жақынырақ танысуына мүмкіндік туып отыр. Ұланына қарап Ұлы даланың тарихына, мың­жылдық мәдениетіне үңі­летін сәт бұл.

Димаштың алып елдегі кон­цертін ұйымдастыруға Мәде­ниет және спорт министрлігінің өзі бастамашы болып отыр. Мә­дени шара АҚШ-тағы Қазақ­стан Республикасының мәдени күн­дері аясында өтпекші. Қа­лай десек те, мұхиттың арғы бе­тіндегілер аталған жобада қазақ мәдениетінің өркениетке қосатын жауһарларымен жақынырақ танысатын болады.

Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлованың өзі атал­ған шараға орай: «Ди­маш­тың кон­цертін АҚШ-та ұйым­­дастыру біз үшін үлкен мәр­т­ебе. Димаш өнер көрсеткен бар­лық елдегідей, Аме­риканың ерке жұртын тәнті ететініне сенім­діміз», – дейді.

Азия мен қарт құрлықтың өнерсүйер қауымы Алаш әнші­сінің ерекше дауыс құдіретіне таңдай қағып жатқанда, одан аме­рикалықтар бейхабар дей алмаймыз. Қазіргідей «жыл­дам хабар алғызатын» заман­да Димаштың өнер аренасындағы дүбіріне қанық екендігі сөзсіз. Басқасы басқа, америкалықтарға етене жақын Тұманды Альбиондағы өткен қазақ әншісінің концертіне оның табынушылары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды, ал билеттер рекордты қысқа мер­зімде сатылып кетті. Ендеше, Лон­­донның жаңалығынан Ва­шингтон да хабардар.

Осыдан да болса керек, Димаш­тың Нью-Йорктегі кон­цертін ұйым­дастыруға қазақ­стандық режиссерлермен және хореограф-қоюшылармен бір­ге америкалық танымал ре­жис­­­серлер де белсене кірісіпті. Қалың жұртты қам­ти­­тын жобаның әлеуетін аме­ри­ка­лықтар жақсы біледі ғой. Олай болса, аталған жобаның қа­зақ мәдениетін әлемге таныс­ты­рудағы үлесі де табысты болады деген сенімдеміз.