Қоғам • 12 Қыркүйек, 2019

Сәбит Досанов: Ең бастысы – халық қамы, ел жайы

749 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Сәбит Досанов: Ең бастысы – халық қамы, ел жайы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Сындарлы қоғам­дық диалог – Қазақ­станның тұрақ­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жол­дауын оқығанда менің ойы­ма Оңтүстік Африка Рес­пуб­ли­касының Президенті, Нобель сыйлығының лауреаты, көзі тірі­сін­де-ақ аты аңызға айналған Нелсон Манделаның: «Все национальные группы пользуются равными правами. Богатство страны принадлежат всему народу. Земля принадлежит тем, кто ее обрабатывает. Все равны перед законом. Работа и обеспеченность всем. Путь к образованию и культуре открыт для всех. Людям должны быть предоставлены удобные жилища. Должны царит мир и дружба» деген сөздері оралды. Бұл тегін емес. Мұның терең сыры, сымбаты бөлек жыры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы алға қойған міндеттері мен ойла­ры­ның үндестігінде, егіздің сыңа­­рындай ұқсастығында. Бұл біздің сү­йікті, иықты Президентіміздің Мұстафа Кемел-Паша Ататүрік, Франк­лин Рузвельт, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мұхамад, Маргарэт Тетчер, Лювич Эрхард сынды алыптар­мен қатар тұрған әлемдік деңгейдегі аса салмақты, асқан пара­сат­ты саясаткер екендігіне айқын ай­ғақ.

Ең өткір, өзекті мәселенің бірі – Жер. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның сөзімен айтсақ: «Жер, жер және жер. Өйткені жер­сіз Отан жоқ, жерсіз адам жоқ, жерсіз мемлекет болмайды». Тіріде – төрің, өлгенде – көрің жерден қымбат не бар?! Шетелдерден іздемеңдер жақ­ұт­­­ты, елсіз, жерсіз бола алмай­сың бақытты. Үндістердің көсе­мі Сиэтл Дювамаш АҚШ Прези­денті Франклин Пирске 1885 жылы жазған хатында: Вашинг­тон­дағы үлкен кісі, Сіз біздің жерімізді сатып алу жайлы ай­тып­­сыз. Ал оныңыз біздің кө­кейі­мізге қонбайды. Аспан аясын, жер жылуын сату, сатып алу мүмкін бе екен?! Жердің жібек желі, өзен-көлдің ажар реңі біздің меншікті мүлкіміз емес, оны бізден сатып алу деген не сөз? «Жер – адамның мүлкі емес, адам – жердің мүлкі!» депті. Қандай даналық, неткен көрегендік! Үндістердің хат танымаса да ақыл ойы мен парасатты асыл сөзі АҚШ сынды ұлы держава патшасының ойын он орап, өзін жүз бүктеп тұрған жоқ па?! Ал біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында былай дейді: «Мем­лекет басшысы ретін­де тағы да мәлімдеймін: жер­іміз ше­тел­діктерге сатылмай­ды.Оған жол берілмейді.

Бұл мәселе бойынша қауе­сет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалану­ды қам­та­масыз ету – біздің мінде­ті­міз.

Жер ресурстарын тиімсіз пай­­далану мәселесі өте өзекті бо­лып отыр.

Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті.

Мемлекеттен жерді тегін жал­ға алу құқығына ие бол­ған­дар­дың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр.

Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген латифундис­тер көбейіп кетті.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруа­­шылығы жерлерін қай­тарып алатын кез келді. Жер – біз­дің ортақ байлы­ғымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс.

Үкімет пен Парламент осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керек.

Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агро­өнер­кәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес».

Үнді көсемінің ойымен бір жерден шығып, Әлихан Бөкейхан сөзімен әдемі үйлесіп, үндесіп тұрған жоқ па?!

Бүгінде көп адамның, әсіре­се көп балалы отбасының бас уайы­мы – баспана. Көптің көңі­лін күпті еткен осы күрмеуі қатты күрделі проблема жайлы Жол­дауда қысқа да нұсқа, нақты, мық­ты да мығым айтылған. Оқып көрелік:

«Сондықтан биыл Елба­сы­­ның бас­тамасы бойынша 2 па­йыздық жеңіл­де­тілген мөл­шер­лемемен, пайыздық алғаш­қы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа «Бақытты отбасы» бағ­дар­ла­ма­сы іске қосылды. Бұл – өте тиім­ді жеңілдік.

Жыл соңына дейін бұл бағ­дар­лама бойынша кем дегенде 6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте, көп балалы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылатын болады. 2020 жылдан бастап жыл сайын осын­дай 10 мың отбасы баспанамен қамтылады.

Үкімет бағдарламаға қа­ты­су­ға арнал­ған айқын критерий­лер белгі­леп, оны қатаң әкім­ші­лендіруді қамта­масыз етуі керек. Шын мәнінде көмек­ке мұқтаж жандарға ғана қолдау көр­сетілуі тиіс.

Менің Үкіметке тапсырмам – кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу керек. Бүгінде олардың саны 30 мыңға жуық».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген уәде­сі­не беріктігін оның сайлауалды бағдарламасын кезек-кезегімен орындап жатқанын ескерсек, бұл – сертке соққан семсердей сөз екенін ойлап, көңіл шіркін көкке өрлейді.

Айта берсек, Жолдаудан үзінді келтіріп, кереметтерді тізбелей берсек, сөз ұзай береді. Мәдениет пен әдебиет, өнер жайлы, тіл туралы толымды ойлар толғап, оған байланысты проблемаларды шешудің жолдарын айқын айтқан парасатты пікірлердің жөні тіптен бөлек. Жолдаудан: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деген сөздерді оқығанда, жүрек шіркін аттай тулайды. Президент Жолдауында айтылған адам зорлау, есірткі тарату, педофил, адам саудасы секілді аса ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын күшейту жайлы сөзі де аса маңызды. Бүгінге дейін осындай ауыр қылмыс жасағандар бірер жыл түрмеде отырып, жеңіл жазамен құтылады да темір тордан шыға салып, қайтадан қылмыс жасайды. Енді оларға қылбұрау салынатын болды. Бәрекелді! Айуандарға аяу жоқ!

Президент Жолдауы – ел өмі­ріндегі аса елеулі оқиға. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жол­да­уында:

«Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді.

Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық.

Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін!

Баршаңызға амандық, табыс тілей­мін!» деп түйіпті.

Мақсат – айқын, міндет көп.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы жақсы басталды. Алда еңбекпен, бірлікпен еңсерілетін тарихи міндеттер тұр. Енді Мем­ле­кет басшысының: «Мен ел тағдырына жаны ашитын әр­бір азаматқа зор сенім артамын» деген сөзіне орай іс-әрекет жасауы­мыз керек. Жолдауды халыққа түсін­діру парыз. Түсіндіру аз, әрқайсысымыз асқаралы мін­дет­­тер­ді орындау үшін аянбай еңбек етуіміз ауадай қажет.

Мен білемін не табуды, нені іздеп,

Еңбек қана елдің ұлы де­гізбек, – деген Мұзағаң, Мұзафар Әлімбаев сөзі әрдайым жа­ды­мызда болып, соған орай ең­бек етсек нұр үстіне нұр.

 

Сәбит ДОСАНОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты