Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Өскеменде Ережеп Мәмбетқазиев атындағы химия дәрісханасы ашылды   

585 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәрісхана осы оқу орнының алғашқы ректоры Ережеп Мәмбетқазиев құрметіне ашылды.

Өскеменде Ережеп Мәмбетқазиев атындағы химия дәрісханасы ашылды   

 мәм

Кеше Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да осы оқу орнының алғашқы ректоры, құрметті профессоры, химия ғылымының докторы, ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев атындағы жалпы химия дәрісханасының ашылу рәсімі өтті. ШҚМУ мен KAZ Minerals тобы арасындағы әлеуметтік серіктестік аясында жұмысын бастаған дәрісхананың ашылу салтанатына KAZ Minerals тобы қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Paul Gahagan және KAZ Minerals компаниясының техникалық директоры Johan Barnard, Қазақстан-Америка еркін университетінің оқытушылары мен жетекшілері қатысты. 

мәм 1

Дәрісхана қабырғасында Е.Мәмбетқазиевтің еңбек жолын көрсететін өмірбаяны ұсынылған. Сондай-ақ, Ережеп Әлқайырұлына арналған материалдар, кітаптар және оның өзі жазған еңбектер қойылған. Дәрісхана жанынан заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған зертхана да ашылып отыр. Іс-шара аясында оқу орнында Е.Мәмбетқазиев туралы басылымдардың, оның өзі жазған кітаптардың, сонымен қатар 18-19 ғасырдағы оқулықтардың көрмесі ұйымдастырылды.

мәм 3

мәм 4

«Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да қуанышты оқиға. Біз Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиев атындағы кабинетті ашып отырмыз, осылайша біз тәуелсіз Қазақстандағы үшінші университеттің – оқу орнымыздың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан адамға құрмет көрсетудеміз. Ережеп Әлқайырұлы елімізде және өзге мемлекеттерде Қазақстандағы білім жүйесінің көшбасшысы, керемет ұйымдастырушы, ғылыми көрегендігі бар тұлға ретінде танымал. Университет ректоры бола жүріп ол ШҚМУ мен шетел жоғары оқу орындары, өндіріс орындары, кәсіпкерлер арасындағы серіктестіктің негізін қалады» деді ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Өз сөзінде Е.Мәмбетқазиев бұрынғы және қазіргі әріптестеріне ризашылығын білдіріп, оқу орнына табыстар тіледі.

мәм 4

Сонымен қатар осы күні университетте «Іргелі ғылыми зерттеулер: химия ғылымы мен біліміндегі инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция барысында университет ректоры Мұхтар Төлеген Ережеп Әлқайырұлына Сәрсен Аманжолов атындағы медальды табыс етті.

мәм 6

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар