Спорт • 18 Қыркүйек, 2019

Таш­­кентте дзюдо­дан әлемдік Гран-при тур­нирі өтеді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-22 қыркүйекте Өзбек­стан астанасы Таш­­кентте дзюдо­дан әлемдік Гран-при тур­нирі өтеді. Ха­лық­­аралық бә­се­кеге 73 елден 500-ге жуық дзю­дошы қаты­сады деп жос­пар­ланған. Ал Таш­кент тата­миін­­де ел намысын 27 дзюдошы қор­ғайды.

Таш­­кентте дзюдо­дан әлемдік Гран-при тур­нирі өтеді

Ташкент татамиінде ерлер арасында Бауыржан Жауынтаев, Дәурен Сүйеукенов (60 кг), Сұңғат Жұбатқан, Есет Қуанов (66 кг), Жансай Смағұлов, Ақылбек Серік (73 кг), Дидар Хамза, Руслан Мұсаев (81 кг), Сұңғат Закарияев, Рега Палкин (90 кг), Айбек Серікбаев, Виктор Демьяненко (100 кг), Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) белдеседі.

Ал қыздар арасында Абиба Абужақы­нова, Ұлдана Сайыл (48 кг), Анна Казю­лина, Нұрсұлу Ерәлиева (52 кг), Севара Нышан­баева, Меруерт Сәрсенова (57 кг), Ақниет Тұрдан, Иоланта Бердібекова (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Назерке Тілеуханова (78 кг) және Назгүл Маратова, Саида Қапсалықова (+78 кг) сынға түседі.