Руханият • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

3818 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Күлкі керуені №4

*Әзіл әңгіме

С– Н – О – Қ – А!

Бәти жеңгей жұмыста отыр еді, біреулер хабарласып: «Жас келінге құтты болсын айтамыз, үйіңізге барамыз» деді. Өздері асығыс. Жұмыстан ерте кетуге болмайды. Звондап қазанға тамақ салдыра берейін деп ойлады Бәти. Үйде жаңа түскен жас келін Қамар жалғыз.

– Әле, Қамаржан. Үйге екі-үш қонақ келетін болды. Саған құтты болсын айта­мыз, дейді. Асығыс жолаушылар. Мен қазір жұмыстан шыға алмаймын. Сондықтан сен қазанға тамақ сала бер, мен жайырақ келемін.  

– Мамочка, үйде тамақ көп: колбаса, сыр, винегрет, борщтың қалғаны – бәрін қазанға салайын ба?

– Жо-жоқ, қарғашым, тамақ дегенім ет қой, асу керек.

– Холодильникте ет бар ғой...

– Иә, сол етті шығар, не салатыныңды мен айтайын.

– Жақсы, мамочка...     

– Екі омыртқа, омыртқаны білесің ғой ...

– Білем, мамочка. Только не омыртқа, а, по моему, жо-о-мыртқа ... яйчко. Жо-о­мыртқа салайын ба, қазанға ...

– Үйбәй, айналайын, жұмыртқа емес омыртқа! Малдың арқасында болады ғой ...

– Ну, даешь мамочка! Малдың арқасында жүн болады ғой ...

– Не дейді! Қарағым-ау, жүнің не? Омыртқа деген еті бар сүйек, екі жағында қанаты бар...        

– А-а, қанаты ... Крылья, курочка что ли? Қазанға құс салайын ба?

– Уһ, құс емес, құдай! Екі жағында қанат сияқты шығып тұрған сүйeгi бар ... былай ... самолет сияқты.

– Да-да! Мынау екен ғой, таптым, со­сын не алайын?

– Қабырға, төрт тал.  

– Ой интересно, то омыртқа, то қабырға ... Мама, аттары ұқсас екен. Анау самолет сияқты болса, мынау вертолет ...

– Жоқ ,ойбай! Бұл күржиген қисық сүйек.

– Ой, мама, мында прямой сүйек жоқ қой, бәрі қисық...

– Қап енді не десем екен? Е-е ... Хоккей ойнайтын ағаш бар ғой...

– Клюшка?

– Ия, клюшка, қабыртқа сол сияқты.

–Таптым, таптым ...

– Содан төрт тал.      

– Мама, сіз «төрт тал» дейсіз, как-то я слышала, что тал – это ағаш.

– Патшам-ау, бұл жерде «тал» – түйір деген мағынада. Штөк.

– Что-что? Ну, мамочка, разве можно так. Ой, ұялам...

– Тьфу! Не aйтып қойдым! Жаным-ау, сен түсінбeй тұрсың, олай емес... Төрт дана деген...

 – А-а, слава богу, значит четыре шту­ки ... Мама, тағы не?

– Енді жілік сал ...

– Жилы? Мама, ол жоқ, тогда бәрін кесіп, холодец жасадық қой.

– Ту, қарағым-ау, сен сіңірді айтып тұрсың ба? Сіңір емес, үлкен жұмыр сүйек, еті бар. .

– Ой, мама, не знаю!

– Ортан жілік дегенді білесің бе?

– Ортан деген средний деген бе? Ну, мама, откуда я знаю – какой средний, какой краиний?

– О, жасаған-ай, бұған не айтуға болады? Кәрі жілікті де танымайсың ба?

– Чего? Разве старый сүйек, молодой сүйек деп те отличаются? Ну, мама, бір баранда  неужели бір кость жас, бір кость кәрі?

– Ту, шіркін, саған сөз жоқ екен? Әй, шырағым, не де болса, қолыңа түскен екі сүйекті салшы. Сосын бір білем құйрық сал?

–Что? Құйрық – это хвост что ли? Где тут хвость?         .

– Ойбай - ойбай!!! Шырағым қоя ғой, өзім келейін! Вот саған с-н-о-қ-а!

 

Сержан ШӘКІРАТОВ