Қазақстан • 21 Қазан, 2019

Жаңа ғарыш жүйесі – Қазақстанда

627 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Елдің бар­лық саласы компьютерлендіріле бастады. Бұл – ұлт болшағы үшін маңызы зор қадам. Инновациялық қызметті жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің нәтижесін өндіріске енгізу Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында қойылған басты бағыттардың бірі.

Жаңа ғарыш жүйесі – Қазақстанда

Соң­ғы жылдары ақпарат­тық-ком­муникациялық заман ағы­мына сай күнделікті сабаққа ком­пью­тер, электронды оқулық, интер­белсенді тақта, бейне және аудио қон­дырғыларды қолдану айтар­лықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электронды байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электронды пош­та, телеконференция, on-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Сондай-ақ заманауи ақпа­рат­­тық технологиялар үнемі қар­қын­ды өсіп келе жатқан же­ке­леген корпорациялар­ мен­­ қоғамдағы еңбекті ұйым­дас­­­­­тыру, еңбекпен қамтудың жаңа формалары үшін үл­кен мүм­кіндіктер ашады. Мұн­дай мүмкіндіктердің өсуі адам өмірінің жа­ңа­­дан енген бар­­лық салаларына, отбасына, жұмысқа, адамзат қоғамының географиялық ше­кара­ларын­дағы барлық сала­ларға әсер етеді. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар ең­бек өнімді­лігін, өндіріс көле­мін, инвес­тициялар мен еңбек­пен қамту арасында өзара байланыстарды бекітуде елеулі үлес қоса алады. Желі бойын­ша таратылып отырған қызмет­тердің жаңа түр­лері көптеген жұмыс орындарын ашуға қабілетті, мұны соңғы кездегі тәжірибелер растап отыр.

Таяуда елордада Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэро­ғарыш комитетінің қол­­­­­дауы­­мен AgriTechHub Kazakhstan ат­ты форум өтті. Нәти­же­сін­де ал­­да­ғы уақытта Қазақ­стан­да NASA орта­лы­ғы­ның ашы­луы көз­делуде.

«Жердегі өзгерістерді бақы­лау: Су, энергетика, азық-түлік қауіп­сіздігі және Орталық Азия мен Кавказдағы тұрақты даму» конференциясына NASA штаб-пәтерінің өкілдері, Мэриленд шта­тының университеті, Мичи­ган штатының университеті, Элла­дадағы зерттеулер және тех­нология орталығы (Грекия), «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының өкіл­дері қатысқан еді.

Конференцияда Цифрлық даму, инновациялар және аэро­­ғарыш өнеркәсібі вице-ми­нистрі Марат Нұрғожин сөз сөй­леді. «Ғарыштан бақылау Жерді мони­торингілеуде көп мүм­кіндік береді. Бұл жерде бақы­лау мен на­вигация жүйе­сінің орбиталық және жер үсті ком­поненттерін құру ғана емес, қашықтықтан зондпен бақы­лауды тиімді пай­далануды ұйым­дастыру, ға­рыштық мони­­торинг жүйесін ел­дің әлеу­меттік-экономикалық және ин­но­вациялық дамуын жедел­де­тетін бағдарламалармен бірік­тіру әлдеқайда маңыз­ды», дейді вице-министр. «Қа­зақстанда заманауи ғарыш­тық инфрақұрылым құрылды, ға­рыштық жабдықтар мен тех­но­логиялардың отандық үл­гілерін дамытуда үлкен же­тіс­тіктерге қол жетті. Олар­дың қатарында жерді қашық­тықтан зондтау ғарыш жүйесі бар. Ол Жердегі ғарыш аппараттарын басқару кешені мен қашықтықтан зондтау ғарыш кемесінен мәлі­мет­тер­ді қабылдау және өң­деуге ар­налған жердегі мақ­сатты кешен екі опти­калық құрыл­ғылардың құра­мында жұмыс істейді», деген вице-министр Қазақстандағы ғарыш саласын дамыту туралы да сөз қозғады.

Жерді қашықтықтан зондтау – біз үшін айтарлықтай жетістік. Бұл арқылы экономикалық және әскери салалардың жұ­мы­сын жан­дандыруға болады. Ол үшін ғарыш­тық және аэрофототүсірілім нәтижелерін уақтылы зерттеу қажет.

Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасы­ры болмақ. Ал осы жаңа техно­логия­лар­ды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және же­тілдіру – бүгінгі жас ұрпақ­тың еншісінде.