Күрес • 15 Қараша, 2019

Балуандар Таразда белдеседі

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-17 қараша күндері Таразда еркін күрестен Дінмұхамед Қонаевты еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді. 12-ші рет ұйымдастырылған балуандар бәсекесіне елімізден және шет­елден үздік спортшылар қаты­са­ды деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Балуандар Таразда белдеседі

Дінмұхаммед Қонаев мемориалы елі­мізде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. 2012 жылдан бері турнир халықаралық дең­гейде ұйымдастырыла бастады. Әр жылдары Қонаев турнирінде жеңімпаз атанған спортшылар қатарында әлем чемпионаттары мен Олимпия ойындарының жүлдегерлері бар.

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Иманбековтің айтуынша, жарысқа Қазақстан командасы толық құ­раммен қатысады. Тек құрама көш­басшысы саналатын төрт спортшы жарақатына байланысты бозкілемге шық­пайды. Олар – Нұрислам Санаев, Данияр Қайсанов, Нұрғожа Қайпанов және Әлішер Ерғали.

Жарыста Ресей, Болгария, Тәжікстан, Өз­бекстан және Қырғызстан балуандары бақ сынайды.