Әдебиет • 15 Қараша, 2019

Баспасөз рөлі – басты мәселе

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Баспасөз рөлі – басты мәселе

«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жаһандық медиакеңістіктегі жаңалықтар мен өзгерістер, бұқаралық коммуникация мәселелері, газет нарығының қыр-сыры, журналистика жанрларының бүгінгі түрлену үдерісі талқыланды.

Филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлының модераторлығымен өткен конференцияға ҚР ҰҒА академигі, әдебиеттанушы Серік Қирабаев, ғалым Қойшығара Салғараұлы қатысып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов, Мехико Туризм технологиясы университетінің магистрі Jose Umberto Baeso Estrada, журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ баяндама жасады.

Шара барысында белгілі әдебиеттанушы Серік Қирабаев пен ғалым Қойшығара Салғараұлына газеттің 100 жылдық мерейтойына арналған медаль табысталды. Сондай-ақ университет тарапынан «Egemen Qazaqstan» газетінің қаламы жүйрік журналистері Талғат Батырхан, Бекен Қайратұлы мен Думан Анашқа медаль тағылып, Амангелді Құрметұлы, Сүлеймен Мәмет пен Жылқыбай Жағыпар алғысхатпен марапатталды.

7

4

7

8

9

Басылымның 100 жылдық мерейтойы аясында университеттің Журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасы «Egemen Qazaqstan»  газетінің 10 күндігін» өткізеді.

Онкүндік аясында «Egemen Qazaqstan» газетінің басқарма төрағасы Д.Қыдырәлінің шеберлік сағаты өтеді. Сондай-ақ басылым веб-редакциясының жұмысы, фотожурналистика, дизайн жасау технологиясы жайлы семинар-тренинг, газет тілшілерімен шеберлік сабақтары, кездесу ұйымдастырылады.

9

9