Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Солтүстікқазақстандық ару халықаралық сұлулық байқауына қатысады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан айында Сеул қаласында халықаралық сұлулық байқауы өтіп, 70 елден жиналған үміткерлер бақ сынасады.

Солтүстікқазақстандық ару халықаралық сұлулық байқауына қатысады

Солардың бірі – петропавлдық Дарья Бориско “Miss Global Beauty Queen 2019” байқауына қатысу құқығын инстаграм арқылы жеңіп алған. Айтуынша, өтінішпен қоса фотосуреттерін жолдап, ұйымдастырушылар талабынан шыққан көрінеді. Қазір ол жаттығу залына баруды жиілетіп, нағыз бабына енген.

«Аптасына 3 рет жаттығамын. Кардиоға, диетаға көп көңіл бөліп жүрмін. 3 аптаның ішінде 5 келіге жуық салмақ жоғалттым» дейді Дарья.

Жаттығу залынан шыққаннан кейін бойжеткен “Томирис” сән залына жол тартады. Мұнда ол күнделікті дефиле көрсетуге, сахнада өзін дұрыс ұстауға машықтанады.

Конкурс барысында үздік ұлттық костюмдер де жұртшылық назарына ұсынылады екен. Бұл кезеңге де Дарья үлкен жауапкершілікпен әзірленуде.

Төрткүл дүниенің әр бұрышынан жиналған арулар шеберлік сағаттары мен телевизиялық шоуларға қатысады. Жергілікті жұлдыздармен танысып, көрікті жерлерді аралайды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

 

Соңғы жаңалықтар