Еліміз тәуелсіздігін жариялаған тарихи сәт – 1991 жылдың 16 желтоқсаннан кейін, яғни арада екі апта өткенде 1991 жылдың 31 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, шетелдегі қандастарға арнап ақ тілегін жолдады. Нұрсұлтан Әбішұлының алыстағы ағайынға арнаған осы бір жүрекжарды ықыласы «Егеменді Қазақстан» газетінің 1992 жылғы 1 қаңтар күнгі санына жарық көрді.

– Алыстағы ағайынға ақ тілек, – деп басталатын тарихи хатта: «Қымбатты отандастар! Қандас бауырлар! Ағайындар! Халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, еліміздің ішкі, сыртқы саясатына ұлы өзгеріс алып келген, барлығымызға үлкен сын болған 1991-ші қой жылы тарихта қалып, үміт пен күдігі мол жаңа 1992-ші жыл келді. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, жер бетіне тарыдай шашырап кеткен отандастар, қандас бауырлар Сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыңыздың отбасыларыңызға мол бақыт, қуаныш тілеймін.
Аспанымыз әрқашан ашық болсын!
Сіздермен атамекенде табысатын, емін-еркін қауышатын күнге тезірек жетейік. Ежелгі атамекеннен жырақта қалған сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. «Туған жердің түтіні ыстық» дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата-қонысына тарту мақсатында адам құқығы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан үкіметі «Басқа республикалардан және шет елдерден селолық жерлерге жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанға қоныстандыру тәртібі мен шарттар туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан атамекенге келем деушілерге жол ашық» деп шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қазақтардың атажұртқа қарай ағылуына алғаш жол ашқан екен.
Елбасы тарапынан қолдау тауып, мемлекеттік тұрғыдан назарға алынған көші-қон мәселесіне сол тұстағы басылым басшысы, қайраткер-қаламгер Шерхан Мұртаза да үн қосып, газеттің 1992 жылғы қаңтар айындағы кезекті санына «Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің назарына!» деген айқара леппен «Отанға оралудың оң жолы» атты мақала жазып, сол тұста Жоғары Кеңесте талқыланып жатқан «Миграция (көші-қон) туралы» заңның қандай болу керектігі жайлы ой қозғапты.
Бұл мақалада: «Әр азаматтың өз отаны бар. Адам тұрмақ, құмырсқа – екеш құмырсқаның да отаны болады. Ол – оның илеуі... Империя құлады. Империяның екпінімен елден кеткен қазақтардың ұрпағы атамекенге оралғысы келсе ше?! Оларды туыстарша қарсы алу көбінесе жергілікті жердегі басшылардың иманына байланысты. Құшағын айқара ашып, ағайынға ақ пейіл танытқандар бар. Ал істің аса жауапты екенін, биік парасаттың тірлігі екенін жете ұқпай, безбүйрек танытқандар да жоқ емес. Міне, осындай жағдайлар болмас үшін Миграция заңы қасқалдақтың қанындай қажет. Енді осы заңның өте әділетті болуын тілейік. Атажұртқа, ана бесікке оралған қазақтар бөгде-бөтен елге келгендей хал кешпеуін қарастыру керек. Мұндайда үй-жай, жұмысқа орналастыру, зейнетақы тағайындау сияқты зәру мәселелерді бұлталақсыз шешумен қатар, адам көңіліне қылаудай сызат түсірмеу жағына абай болғанымыз жөн.
Өркениетті елдерде Көші-қон жөнінде мемлекеттік дербес комитет бар. Басқа министрліктермен терезесі тең осындай бір құрылым Қазақстанға керек» деген екен.
Газет арқылы көтерген Шерағаның ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалған жоқ. Кешікпей Жоғарғы Кеңес «Миграция туралы» заң қабылдады. Тіпті осы заң тармақтарын негізге ала отырып, Қазақ еліне алғашқы болып көш бастаған моңғолиялық қазақтардың әрбір отбасы мүшелері өзімен бірге 8 бас ұсақ мал (қой-ешкі), не болмаса 2 жылқы алып өтуге қол жеткізді. Сонымен қатар көші-қон мәселесін реттеу тұрғысынан Қазақстан Министрлер кабинеті арнайы қаулы қабылады. Нәтижесінде әрбір облыс, аудандарда көші-қон комиссиясы құрылды. Және бұл комиссияға басшылық жасау міндеті жергілікті әкімнің бір орынбасарына жүктелді.
Расында тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық құлдыраумен қатар келген көші-қон мәселесі көптеген қиыншылыққа тап болды. Осы мәселенің бәрі «Егеменді Қазақстан» газетінде жазылып, біразы оң шешімін тауып жатты.
Осы жылдары газет атажұртына қоныстанушылардың мұң-мұқтажы мен алғыс-тілегін жариялаумен қатар, олардың шығармашылығына да қолдау танытып отырды. Мысалы, Шерхан Мұртаза ағамыз Ұзынағаш ауылына көшіп келген моңғолиялық қаламгер Сейітхан Әбілқасымұлы жайында тамаша эссе жазса, аталмыш газеттің 1992 жылғы 21 наурыз күнгі санында осы жолдар авторының «Атамекенге неге келдім?», «Не әкелдім?», «Қайдан келдім?» деген үштағанды публицистикалық жыры бас редактор Шерағаның ыстық ықыласымен жарық көрді. Кейін танымал көсемсөзші Сауытбек Абдрахманов жоғарыдағы жырларды «Тәуелсіздік шежіресі» атты хронологиялық еңбегінде ыстық ілтипатпен атап өткені байқалады.
Сол сияқты газеттің 1992 жылғы 30 шілде күнгі санында Еңбек министрі Саят Бейсеновтің елдегі көші-қон үрдісіне байланысты сұхбаты жарияланып, онда үкімет тарапынан атқарылып жатқан шаралар айтылып, сөзінің соңына министр ақпараттық көмек көрсетіп отырған басылым басшыларына рахмет айтыпты.
Газеттің ескі тігінділерін ақтарып отырып аңдағанымыз, атажұртына оралған қандастар қамы басылым назарынан ешқашан тыс қалмаған екен. 1990-1992 жылдары басылымның Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болған, қазір Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман өңірге қоныстанып жатқан ағайындардың жақсы-жаман тыныс-тіршілігін үзбей жариялап, көп жағдайда жергілікті атқамінерлердің қандастарға қамқорлық жасауына ықпал етсе, газеттің 1992 жылғы 23-шілде күнгі санында атамекенге қоныстанушы қандастарға қатысты Қазақ КСР Министрлер Кабинеті 1991 жылғы 18 қараша күні қабылдаған «Басқа республикалар мен шет елдерден ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жергілікті ұлт өкілдерін Қазақ ССР-іне көшірудің тәртібі және шарттары туралы» 711-ші қаулының орындалу барысы жайлы айтылып, Алматы қаласына орналасқан моңғолиялық көші-қон өкілдері тарапынан ұсыныстар беріліпті. Атап айтқанда, қоныстанушыларды жан-жаққа шашыратып жібермей бір аумаққа шоғырландыру; жергілікті жерден беріліп жатқан көмек мөлшеріне қазіргі қымбатшылық жайын ескеру; ауыл шаруашылығын жекешелендіруден қандастарға да үлес бұйырту; сондай-ақ жаңадан көші-қон жайлы толыққанды заң қабылдау т.б.
Жоғарыдағы көтерілген ұсыныстар ішінде асты сызылып айтылған «Халықтық көші-қон туралы» заң қабылдау мәселесі уақыты жеткенде депутат Әкім Ысқақтың авторлығымен 1996 жылы қолға алынса, осы жылдың жазында «Егемен Қазақстан» газеті заң жобасын толық күйінде бұзбай-сызбай жариялап бүкіл халықтық талқылауға ұсынды. Нәтижесінде газет редакцияға келген хаттарды арнайы поштамен Жоғары Кеңеске жолдап отырды. 1997 жылдың 13 желтоқсан күні «Халықтық көші-қон туралы» заңның газетке жарияланған нұсқасы қабылданып, бұған дейін шешімін таппай келе жатқан аса үлкен дүние республикалық Көші-қон агенттігі құрылып, облыс, аудандарда бөлімдер ашылды. Сонымен қатар қоныстанушылар үшін квота мәселесі енгізілді.
Осы кезден бастап еліміздегі сыртқы көші-қон жайы реттелді. Қазіргі таңда бір миллионнан астам қазақ атажұртына оралды дегенді айтып жүрміз. Осы бір қайырлы істе газеттің де үлесі болғанын ешкім жоққа шығара алмас.
Суретте: түркиялық қазақ Халифа Алтаймен редакциядағы
кездесу. 1992 ж.
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Президент • Кеше
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Президент • Кеше
Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда
Аймақтар • Кеше
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды
Парламент • Кеше
Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті қабылдады
Президент • Кеше
«Алматы-2050» стратегиясында адами құндылықтар басты назарда
Аймақтар • Кеше
Елордалық авиациялық базаның құрылған күні
Үкімет • Кеше
Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Түркістан: Тапсырманы орындамағандар қызметімен қоштасады
Аймақтар • Кеше
Қарт қолөнер шеберлерлері киізден киімдер тігуді қолға алды
Аймақтар • Кеше
Алматының рухани келбеті ажарлана түсті
Аймақтар • Кеше
Елордалық ұстаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды
Қазақстан • Кеше
«Мастерс» турниріне тоғыз дзюдошымыз қатысады
Спорт • Кеше
Қарулы Күштерде мамандарды даярлау басталды
Қазақстан • Кеше
Футзал: Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрмыз
Футбол • Кеше
10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Ақмола облысында құқық бұзушылық көрсеткіші төмендеді
Аймақтар • Кеше
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Кеше
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Кеше
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Кеше
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Кеше
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді
Қазақстан • Кеше
Кеңесте жастар мәселесі талқыланды
Аймақтар • Кеше
Кен алыбында қайғылы оқиға болды
Аймақтар • Кеше
Рудный қаласында 12 күн бойы жоғалған бала көрші ауылдан табылды
Аймақтар • Кеше
Күрес • Кеше
Киелі жерлерге саяхат сабағы өтті
Аймақтар • Кеше
Қостанайда журналистерге арналған семинар-тренинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Алматыдағы бокс кешінде үш легионер күш сынасады
Бокс • Кеше
Алматыда «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашылды
Қазақстан • Кеше
Қазақ үшін Желтоқсан жылдың басы...
Қазақстан • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды
Үкімет • Кеше
Руханият • Кеше
Несие алып, несібесін арттырған отбасы
Қоғам • Кеше
Армениямен ынтымақтастық дамиды
Парламент • Кеше
Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар