Өркен Бақытнұр биыл Астана университетін педагогика мамандығы бойынша тәмамдады. Қолына енді диплом алған жас маман ойланбастан, Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылына келеді. Жас мұғалім кәсіби жолын төменнен бастауды жөн көріпті.
– Жастарға қолдау өте жақсы ойлаймын. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен ауылға барып, жұмысымды істеп жатырмын. Ауылды біз көтермесек, кім көтереді?! Әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек қой,- дейді Өркен Бақытнұр.
Форумға 5 жылға дейін еңбек өтілі бар үздік 100 жас педагог қатысты. Шараның ерекшелігі – жас мамандарға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарыынң оқытушылары шеберлік сағатын өткізді. Бүгінде жас ұстаздарға көрсетілер көмек те көп.
Өңірдің үздік педагогтары жастарға тренингтер өткізіп, өзара тәжірибе алмасты. Шара соңында үздік жас мамандар марапатталды. Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 4 мыңдай жас мұғалім бар. Олардың бес жүздейі бұл қатарға биыл қосылған. Жыл артқан сайын жас мұғалімдер қатары көбейіп келеді.
Көкшетау қаласы