Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2019

Қостанайда 138 оқушы Құрманғазының күйлерін орындады  

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда Тұңғыш Президент күні мерекесі кең көлемдегі шаралармен аталып өтті. Оған Назарбаев зияткерлік мектебі де үлесін қосты.

Қостанайда 138 оқушы Құрманғазының күйлерін орындады  

Физика-математика бағытында тереңдетіп білім беретін мектептің өнерлі оқушылары «Қостанай Плаза» сауда-ойын-сауық орталығында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арнап, қалалықтар алдында домбыра-думан жасады.  

«Біздің дарынды оқушылар Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында осымен бесінші жыл осындай домбырашылар флэшмобын жасап келеді. Жұртшылық алдына шыққан 138 домбырашыныңарасынан 120 оқушы 7 сыныпта оқиды. Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» және Желдірбаевтың «Ерке сылқым» күйін дайындадық»дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орындасары Мәслихат Зәмірбекқызы.

Сонымен қатар дарынды өнерпаз оқушылардың арасында тек домбыра ғана емес, баян, қобызаспаптарында шебер ойнайтын балалар да бар. Олар да мереке күні өнерлерін көрсетті.