Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Еркін күрестен Конфедерация кубогын Нұр-Сұлтан қаласы жеңіп алды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт кешенінде еркін күрестен өткен Конфедерация кубогының финалдық сайысында Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысының балуандары күш сынасты.  

Еркін күрестен Конфедерация кубогын Нұр-Сұлтан қаласы жеңіп алды

Жарысты Жетісу өңірінің өрендері қарқынды бастады. 57 кило және 65 кило салмақ дәрежелерінде бақ сынаған Адлан Асқаров пен Ілияс Жұмай өз бәсекелерін жеңіспен аяқтады. Олар Абзал Өкенов пен Ілияс Аманжоловты ұтты.

Алайда одан кейін астаналықтар қамшы салдырмады. Әли Керімов (74 кило), Нұрлан Бекжанов (86 кило), Ералы Абдрашев (97 кило) және Нұрғали Нұрғайыпұлы өз қарсыластарын қапы қалдырды. 

Нәтижесінде 4:2 есебімен жеңіске жеткен Нұр-Сұлтан қаласының балуандары Конфедерация кубогын жеңіп алды.     

   

Соңғы жаңалықтар