Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019

Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғаш танысқан кездегі естеліктермен бөлісті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Сіз халқымыздың шынайы махаббатына ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, сарқылмас қуат және көрермендердің шексіз қошеметіне бөлене беруіңізді тілеймін. Бірер күн бұрын керемет концертіңіз өтті. Әдеттегідей көрермендердің жоғары бағасына ие болды, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Б.Төлегенова Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өткен вокалистердің X байқауының нәтижелері туралы айтты.

- Қамқорлық танытып жүргеніңізге ризамын. Отандық мәдениет пен өнер саласын дамытуға қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін алғыс білдіремін, - деді КСРО халық әртісі.