Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019

Колледждің «Ұлы дала жауһарлары» топтамасы әлемдік деңгейде танылып жатыр

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі дәстүрлі, ұлттық нақыштағы киімдерді, ұлттық қолөнерді дамытып, жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру мақсатында кешенді оқу бағдарламаларын өндірістік тәжірибемен ұштастырып келеді. Осы орайда колледж қабырғасында өндірістік оқыту шеберлері  «Моншақтарды зерлеп тоқу», «Құрақтың қырық сыры» үйірме жұмыстарын жолға қойған.

Колледждің «Ұлы дала жауһарлары» топтамасы әлемдік деңгейде танылып жатыр

Алматы қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып Worldskills Халықаралық стандарттары бойынша колледж қабырғасында екі жыл қатарынан «Сән мұнарасы» республикалық байқауы өткізіліп келеді. Байқау «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» бойынша өткізілді. «Киім дизайны» номинациясы бойынша дизайнер – модельерлер арасындағы конкурстың нәтижесінде колледж 1 орынға ие болды.Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі  кәсіби дайындық стандарттарын арттыру мақсатында WorldSkills халықаралық қозғалысының белсенді қатысушысы. «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша өткен жылы жүлделі орындарға ие болса, биылғы жылы Перизат Әділбекқызы екінші орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

Ал жыл сайын Тараз қаласында өтетін Халықаралық «Бабалар мұрасы» сән фестивалінде ою-өрнекпен зерленіп тігілген «Ұлы дала жауһарлары» атты топтасы көрсетілді.  Мәскеу қаласында өтетін «Этно-Эрато» ұлттық костюмнің жоғарғы үлгісі көрсетілетін Еуразиялық сайыстан 2018 жылы «Этно в современном стиле» номинациясы бойынша «Городской коллаж» топтамасы жүлделі 1 – орынды иеленді. Осы аталған сайыс бойынша 2019 жылы «Рұхани жаңғыру» бағдарламасы аясында орындалған «Самғау» топтамасы «Ретро этнического костюма» номинациясы бойынша жүлделі 2-орынды иеленді.

Осы жетістіктер біліктілігі жоғары оқытушылар мен өндірістік шеберлердің еңбегі. Алматы қаласы бойынша ұлттық музейдегі, Тұңғыш Пезидент саябағындағы ұйымдастырылатын көрмелерге колледж оқушыларының қолынан шыққан құрақ көрпе мен моншақтардан орындалған әшекейлер ұсынылып келеді. Осы орайда Алматы қаласында өткен «КазНПУ-Fashion days» конкурсында «Городской коллаж», «Ұлытау», «Арт стиль» топтамалары өтикен жылы  жүлделі орындарды иеленді. Биылғы жылы Ташкент қаласында өткен «ASPARA FASHION WEEK» конкурсына Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі ұлттық нақышты ұстанып орындалған  «Шығыс» топтамасымен қатысты.

Колледж оқушылары өндірістік тәжірибеден тікелей өндірістік кәсіпорындарда немесе ұйымдарда, олардың кәсіби шеберлігін және кәсіби дербестігін жетілдіру мақсатында өтеді. Өндірістік тәжірибе колледж оқушыларына алған білімдерін, біліктерін және дағдыларын қолдануға, бекітуге және толықтыруға, технологиялардың, экономиканың, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа мәселелерін зерделеуге, жаңа технологиялармен, жабдықтармен, құралдармен танысуға мүмкіндік береді. Өндірістік тәжірибе қаланың базалық кәсіпорындарындағы шарттарға сәйкес немесе шағын және жеке кәсіпорындардағы, фирмалардағы жеке хат – сұраулар бойынша өтеді. Колледждің білімді әрі тәжірибелі студенттеріне сұраныс жоғары.