Парламент • 11 Желтоқсан, 2019

Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. Парламент тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық турнирге қазақстандық депутаттармен қатар, Армениядан, Қырғызстаннан, Молдовадан Парламент өкілдері қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді

Жиналғандар алдында құт­тық­тау сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы:

– Біз егемен еліміздің ең мәр­­­те­белі, ең ұлы мерекесі тәуел­­­сіз­­дік күні қарсаңында Мәжі­­ліс­те халықаралық шахмат тур­­­нирін өткізіп отырмыз. Бұл енді еліміздің абыройын көте­ріп жүрген даңқты спорт­шы­­лар­мен жыл сайын ұйым­дас­ты­р­латын дәстүрлі шара­ға айнала­ды. Ал алғашқы кезде­су­дің әлем­нің 4 дүркін чемпионы, ха­лық­аралық гроссмейс­тер Ди­нара Сәдуақасованың қатысуы­мен шахматтан басталуы – ол ең алдымен осы танымдық ойын түрінің дамуына үлес қосумен қатар, өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, жас ұрпақ арасында, мектеп қабырғасында кеңінен насихаттауға жол ашатыны сөзсіз. Себебі шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді, – деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткен­дей, аталған турнирге шетел­­дік әріп­­тес-депутаттардың Нұр-Сұл­­­танға арнайы келіп, қаты­суы парламентаралық ынтымақ­тас­тықтың да жоғары деңгейін көрсетеді.

Шара барысында Динара Сәдуақасоваға Палата Спикері елеулі еңбегі үшін Парламент Мәжілісінің атынан арнайы ал­ғыс хат табыс етті.

Динара Сәдуақасова 18 тақта­да бір мезгілде ойын сеансын өт­кізді.

Өз кезегінде Динара Сәдуа­қасова мерейлі мереке қарса­ңында Мәжіліс ұйымдастыр­ған ауқымды шараға зор қуаныш­пен қатысқанын және оның егемендікке деген ерекше құрмет ретінде бағалайтынын атап өтті.

Ойын қорытындысында бір­неше аталым бойынша жеңім­паз­дар анықталды. «Үздік ойын» бо­йынша Мәжіліс депутаттары Аман­жан Жамалов, «Үздік жүріс» аталымында Владислав Косарев, «Жеңіске деген жігер» аталымы бойынша Қуаныш Сұлтанов марапатталды.