Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Еліміздің ертеңі – бірлігімен еңселі

387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Еліміздің ертеңі – бірлігімен еңселі

Іс-шараға Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы Төрағасының орын­­басары – Хатшылық мең­геру­шісі Жансейіт Түймебаев, Пре­­зидент жанындағы Мем­ле­кет­­тік басқару академия­сы­ның рек­торы Ерлан Әбіл, Пре­зи­­дент жанындағы Қазақ­стан стра­тегиялық зерттеулер инс­титу­тының директоры Зарема Шәу­кенова, ҚХА мүшелері, Ғы­лы­ми-сарапшылық кеңесі мен эт­но­мәдени бірлестіктердің өкіл­дері, ҚХА аймақтық ғы­лы­ми-сарап­шылық топтары мен кафедралары, қоғам қай­рат­керлері мен зиялы қауым өкіл­дері қатысты.

– Биыл елімізде маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар мен процестер болды. Наурыз айында Елбасы өзінің Президент өкілеттігін тоқтатып, маусым айында кезектен тыс пре­зи­денттік сайлау өтті, жаңа Пре­зидент сайланды. Қыр­күйек айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында бір­қатар жаңа міндеттер ай­қын­далды. Ассамблея және Ғылыми-сарапшылық кеңес осы процестерді халыққа түсін­діру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, – деді Ж.Түймебаев.

Отырыс барысында Ассам­­блея­ның ғылыми-са­рап­шы­лық бағыты бойынша тап­­сыр­малардың орындалу бары­сы, Орталық Азия­дағы этнос­аралық және кон­фессияаралық қатынас­тарды зерт­теу орталығының жұ­мыс нәтижесі, сондай-ақ «Қа­зақ­­­стан­дағы этностар: ел дамуына қосқан үлесі» жобасының жү­зе­­ге асуы және жалпы зерт­телуі бойынша жұмыс жос­пары­ның орындалу барысы талқыланды.

– Жыл көлемінде түрлі зерттеулер жүргізіліп, жоғары оқу орындарында, халықаралық сарапшылық ортада ауқымды жұмыс атқарылған еді. Бүгін­гі отырыс Қазақстан халқы Ас­самблеясы Ғылыми-са­рап­шылық кеңесінің 2019 жы­лы атқарған жұмыстарын қо­ры­тындылауға бағытталды. Оған Қазақстан аймақтарынан елуден астам сарапшы мен ғалым қатысып отыр, – деді Қа­зақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Айгүл Сәдуақасова.

Іс-шара соңында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бір­ліктің моделіне арналған үздік ғылыми жоба сайысының же­ңім­паздары марапатталды.