Бокс • 14 Желтоқсан, 2019

Головкин рингке оралар сәтін тағатсыздана күтіп жүргенін айтты

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тағы фанаттарымен кездесіп, келесі жекпе-жегін күтіп жүргенін айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Головкин рингке оралар сәтін тағатсыздана күтіп жүргенін айтты

Қолтаңба сессиясын Головкиннің демеушілерінің бірі ұйымдастырған. Боксшының айтуынша, ол жанкүйерлерін көргеніне қуанышты болған. 

«Chivas Regal үшін қолтаңба сессиясында уақытты тамаша өткіздім. Әрқайсысын көргеніме қуаныштымын. Рингке оралар сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін» деп жазды Головкин instagram-парақшасында жазды

Бұған дейін Головкин IBF титулының міндетті үміткері поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін екені хабарланған. Жекпе-жек ақпан-наурызда америкалық Чикагодағы Wintrust аренасында өтуі мүмкін. 

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йоркте өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.