Басылым басшылары • 15 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (04.1920-10.1920)

1028 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Б.Күлеев қазiргi Орынбор облысының Бөрте ауданында өмiрге келген. 1917-1918 жылдары Орынбор мұғалiмдер семинариясында оқыған.

Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (04.1920-10.1920)

1919 жылы Заурал бөлiмiнiң эмиссары болды. Өлең жазумен ертеден айналысқан. “Ұшқынның” бiрiншi саны Бернияз Күлеевтiң “Ұшқынға” деген өлеңiмен ашылды. Осы кезде оның Есенбаев, Сафиевтермен бiрге газетiмiзге басшылық жасаған тұсы.

1920 жылдан өмiрiнiң ақырына дейiн қазақ АССР Халық Ағарту комиссариатының кiтаптарды бастырушы өкiлi ретiнде Қазан қаласында жұмыс  iстедi.

Б.Күлеевтiң “Қыздың мiнәжаты” (1914), “Қызықты жаз” (1916), “Қазақ қызы” (1916), “Түн” (1917), “Бостандық күнiнде” (1917),“Әйелдер сөзi” (1917) өлең-толғаулары бар. “Қайда екен” (1922), “Жорық” (1922) атты поэмаларында қазақ елi бастан кешкен әлеуметтiк мәселелердi толғады.

Б.Күлеев – сыршыл лирик ақын. Ол орыс ақындарының да бiрқатар шығармасын қазақ тiлiне тәржiмалады. Таңдамалы шығармалары “Айтшы, ақ қайың” деген атпен 1969 жылы Алматыда басылды.