Басылым басшылары • 15 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ (02.1921-10.1921)

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ж.Аймауытов қазiргi Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. Әкесi Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында бiлiктi кiсiлер екен. Жүсiпбек жастайынан арабша хат танып, оқу үйренген. 15-16 жасында Павлодарға барып, орысша-қазақша екi кластық мектепке түседi. Бiр жағынан бала оқытып, қаражат табады.

Басылым басшылары - Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ (02.1921-10.1921)

1914 жылы Семейдегi оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. 1911-1914 жылдары ауылда мұғалiм болып iстейдi.

1919-1922 жылдары – Республика Халық ағарту комиссариатының алқа мүшесi, Семей губерниясы оқу бөлiмiнiң бастығы, “Қазақ тiлi” газетiнiң редакторы. “Еңбекшi қазаққа” да басшылық жасайтын кезi осы тұс.

1922-1924 жылдары Қарқаралы өңiрiнде мұғалiмдiк қызметте болады. 1924-1926 жылдары “Ақ жол” газетiнде әдеби қызметкер (Ташкент), 1926-1929 жылдары Шымкент педагогика техникумының директоры қызметтерiн атқарады.

1929 жылғы басталған кеңестiк қуғын-сүргiн кезiнде қамалып, 1931 жылы атылды.

Ж.Аймауытов өзiнiң қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қалдырған жан. Оның “Қартқожа”, “Ақбiлек” атты романдары мен повесть-пьесаларын қазiр де жұрт қызыға оқиды. “Тәрбиеге жетекшi” (1924 ж.), “Психология” (1926 ж.), “Жан жүйесi және өнер таңдау” (1926 ж.), т.б. iрi ғылыми еңбектерi бар.