Руханият • 18 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 26

3570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Күлкі керуені № 26

Күллі әлемнің күлкісі

Тұтқиылдан жау шабады. Әкесі баласын артына мінгестіре  қашады.  Тау-тасты асып,  қашып құтылдық-ау дегенде , әкесі баласына сынай:

 – Мен болмағанда қайтер едіңіз? – десе , баласы:

 – Сен болмағанда , ерге отырар едім, – депті.

***

- Қалай, жолдас Иванов ,  Американы қуып жетеміз бе? – деп сұрайды Хрущев жұмысшыдан.

- Жеткенде қандай.

- Басып озамыз ба?

-  Жоқ, ойбай!

- Неге ?

- Басып озсақ артымыздың жыртығы көрініп қалады...

***

Түн ішінде таксиге тыржалаңаш әйел мінеді. Шопыр оған  осқырына қарайды.

 – Сен, не, жалаңаш әйел көрмеп пе едің?

 – Жоға, ақшаны қай жерінен алады деп аң-таң болып тұрғаным.

***

– Қымбаттым, кешке қай маскіні  киіп барғаным жөн деп ойлайсың?

– Өте қарапайымын: паригіңді киме; жасанды қас кірпігіңді жапсырма; бір жолға бояу-сояуыңды бет-әлпетіңе тигізе көрме... Сосын сені біреу таныса, маған кел.

***

- Жәке, айып етпеңіз, айтыңызшы: осы сіздің үйіңіздегі жеңгейдің жасы нешеде?

- Айту қиын... өзінің айтуы бойынша, біздің үлкен ұлымыздан сәл-пәл кіші.

***

 Бастық шоферіне:

– Мына  10 долларды ал да вокзалға барып енемді күтіп ал.

– Егер ол кісі келмей қалса ше ?

– Онда тағы да 10 доллар аласың.