Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019

Дания Еспаева: Президент деңгейінде шешім қабылданғаны қуантады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дания Еспаева Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысынан кейінгі аралықта атқарылған жұмыстар жайында айтты.

Дания Еспаева: Президент деңгейінде шешім қабылданғаны қуантады

«Алғашқы отырыстан бері үш ай уақыт өтті. Осы қысқа мерзімде барлық үш блок ұсыныстарын берді. Президент Әкімшілігінде 18 отырыс өтті. Бұл өз кезегінде ауқымды жұмыс атқарылғанын білдіреді, яғни әрбір блок 30-дан кем емес ұсыныс енгізді. Бүгін Президенттің сөзінен ұсыныстардың көбі қабылданғанын түсінуге болады», деді Дания Еспаева.

Сондай-ақ ол экономикалық блог ұсынған ұсыныстардың  Президент деңгейінде шешім қабылданғанын айтты.

«Экономикалық блок қамтыған ұсыныстардың көбі Президент деңгейінде шешім қабылданғаны қуантады. Сонымен қатар саяси реформалар да назардан тыс қалмады. Сондықтан партияларды тіркеуге қатысты мәселе маңызды болды. Бүгінгі отырыс барысында біз жақсы жаңалықты естідік, мүшелері саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін қысқаратыны айтылды. Яғни партияны тіркеуде мүшелер санының төменгі шегі екі есеге азайтылмақ», деді Д. Еспаева.