Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2019

№8 энергоблок күрделі жөндеуден өтті

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электр стансасындағы қуаты 300 МВт №8 энергоблогын күрделі жөндеу жұмыстарын «ERG Service» АҚ жүргізді.

№8 энергоблок күрделі жөндеуден өтті

Мамандар №8 энергоблоктағы турбина мойынтіректерін, оттықтарды, қосалқы турбиналық және қазандық жабдықтарын, шаң өткізгіштерді, турбоагрегат пен қазандық агрегатының айналдыра қаптауын, қазандық агрегатының қызу бетін алмастырды.

–Жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды,-дейді «ERG Service» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Илья Тюльпин. Энергоблокты жөндеу кезінде бас мердігер «ERG Service» АҚ мамандары ең жоғары жылу сыйымдылығы аймағында жұмыс жасады.

Ал, стансада энергоблоктар жыл сайын жөнделеді. Жазда «ЕЭК» АҚ тоқтатылған жабдықтарында жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүктемесін жоспарлы түрде төмендетеді. Бұл тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

– №8 энергоблокты жөндеу-қазандықтардың жоспардан тыс тоқтап қалуын қысқартуға мүмкіндік береді. Енді электр қуатын тұрақты, әріодан да көп мегаватт көлемінде өндіре аламыз,–дейді «ЕЭК» АҚ менеджері Д. Савицкий.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК) Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы еліміздегі ірі электр энергиясы мен көмір өндірушілердің бірі. Еліміздегі электр қуатының 17 пайызын, көмірдің 20 пайызы кәсіпорын өндіреді. Электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты – 16 млрд кВт*с.

Корпорация құрамын АҚ Ақсу электр стансасы мен  «Шығыс» көмір кенішін біріктіреді.

2001 жылдан бері электр стансасындағы энергоблоктарды жаңғыртуда. Бүгінде стансада орнатылған қуаты-2 450 мВт болса, №5 энергоблокты пайдалануға бергеннен кейін  2 475 мВт-қа жетпек.

Қазір компания 1973 жылдан бастап пайдалануда тұрған Ақсу электр стансасының №5 энергоблогын қайта құру үшін жобаны іске асыруда.

Бұл энергия орталығының қуатын 300-ден 325 МВт-қа дейін арттыруға, отын шығынын азайтуға, пайдалану шығындарын қысқартуға, сондай-ақ электр станциясы жұмысының техникалық-экономикалық, экологиялық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде іске қосу-жөндеу жұмыстарының соңғы кезеңіне жақындады. Турбина минутына 3 000 айналым береді, генератор желіге қосылып, 150 МВт электр энергиясын өндіреді.

Сондай-ақ, №7 энергоблокты қайта құру алдында жабдықты бөлшектеу жұмыстары басталды.