Қазақстан • 05 Қаңтар, 2020

Көпбалалы отбасыларға жаңа мемжәрдемақы төлеу басталады

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап балалар санына қарай көпбалалы отбасыларға 42,5 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейін жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу басталады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Көпбалалы отбасыларға жаңа мемжәрдемақы төлеу басталады

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар үшін балалары кәмелет жасына толғанға дейін табысына қарамастан, ай сайын жәрдемақы төленетін болады. Мемжәрдемақы мөлшері әр түрлі, яғни әр балаға орта есеппен 10 625 теңгеден келеді.

Сонымен, төрт баласы бар отбасылар 42,5 мың теңге, бес баласы барлар - 53 мыңнан астам, алты баласы барлар – 64 мыңнан астам, жеті және одан көп – 74,4 мыңнан астам жәрдемақы алады. Бұл ретте кірісі кедейлік шегінен төмен отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік төлем сақталады.

Сонымен қатар, баланың туылуына байланысты біржолғы төлем де өседі. Бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына байланысты біржолғы төлем 38 АЕК, яғни 100 мың 738 болады. Төртінші және одан да көп балалардың туылуына орай 63 АЕК немесе 167 мың 13 теңгені құрайды.