Аймақтар • 18 Қаңтар, 2020

Павлодар облысында 1 млрд-тан астам жолаушы тасымалданған

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, облыс бойынша жолаушылар тасымалдау бағыттарының желісі 167 автомобиль жолдары, 14 теміржол, 6 әуе маршруттарынан тұрады.

Павлодар облысында 1 млрд-тан астам жолаушы тасымалданған

Ал өткен жылы теміржол бағытын есепке алмағанда, жалпы саны 1 млрд 131 мың адам және 121,3 миллион тонна жүк тасымалданған.

Ұшақ  арқылы ұшқан  жолаушылардың саны 236,9 мың адамға жеткен.

Қазір FlyArystan әуе компаниясы Павлодардан Алматы және Нұр-Сұлтанға дейінгі бағыттарда ұшады.

Сонымен бірге  Павлодардан Алматыға дейінгі бағытта күніне екі рет ұшатын болмақ.

Павлодар-Қарағанды-Павлодар және Павлодар-Ақтөбе-Павлодар әуе рейстерін ашу мүмкіндігі бар.