Қазақстан • 27 Қаңтар, 2020

OneWeb пен АХҚО серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды

408 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жаһандық байланысты қамтамасыз етуді мақсат еткен OneWeb әлемдік коммуникациялық желісі «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) өзара түсіністік туралы Меморандумға (Меморандум) қол қойды. 

OneWeb пен АХҚО серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды

Меморандум Қазақстан мен Орта Азияда бірқатар маңызды мақсаттарға қол жеткізу жолындағы серіктестіктің бастау алғанын білдіреді. Мәселен, Қазақстанда бірінші кең жолақты жоғарғы жылдамдықтағы спутниктік байланысын ұсынудан бастап, бүкіл Орта Азия бойынша OneWeb байланыс қызметтерін көрсетуді қолдау үшін елде техникалық торап құру болмақ. 

Меморандумға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен OneWeb Бас директоры Адриан Штекель Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумы кезінде қол қойды. Олар OneWeb пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу жөнінде OneWeb-тің рөлін және басқа да бастамаларды талқылады.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бағыттарының бірі 2022 жылға қарай Қазақстан Республикасы бойынша кең жолақты жоғарғы жылдамдықтағы интернетті бүкіл халыққа қолжетімді ету. Осылайша цифрлық технологиялардың көмегімен тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарта отырып, ел экономикасын дамытуға ықпал етеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, сондай-ақ елдің телекоммуникациялық желілерін кеңейтуге мүмкіндік береді әрі шалғай жатқан 6600 елдімекенді жерсерік арқылы интернетке қосады.

Осы ретте OneWeb Қазақстанның мектептері мен ауруханалары, басқа да кәсіпорындарында, жеке және мемлекеттік секторларда «талшық тәрізді» кең жолақты жоғарғы жылдамдықтағы байланыспен қамтамасыз ету үшін жергілікті байланыс операторларын дистрибуция бойынша серіктес ретінде шақыратын болады. 

Сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы ғарыш инфрақұрылымы шеңберінде бүкіл Орта Азия аймағына қызмет көрсететін Техникалық орталықты ашу қарастырылмақ. OneWeb Орта Азиядағы Техникалық орталықтың жұмысы үшін АХҚО құзыретінде бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастырады.

OneWeb Қазақстанның өз экономикасын цифрландыруға және жаңа спутниктің байланыс технологияларының көшбасшы орталығына айналуын әрі «Жаңа кеңістік» спутниктік технологиясын дамытуға бірегей тәжірибе мен жалпы спутниктік байланыс секторына серпін бере отырып, Қазақстанның инновациялық мемлекет ретінде дамуын  қолдайды.

Адриан Штекель, OneWeb Бас директоры: «Мен АХҚО мен OneWeb-тің стратегиялық серіктестерге айналғанына өте қуаныштымын және біз мұны Қазақстан Республикасымен ауқымды серіктестікке бірінші қадам ретінде қарастырамыз. Қазақстан OneWeb сияқты цифрлық алшақтықты еңсеруді және заманауи спутниктік технологияларды пайдалана отырып, өз экономикасы мен өнеркәсібін цифрландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын көреді».

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов: «Мен OneWeb-пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойғаныма қуаныштымын. Себебі АХҚО ең қолайлы шарттар мен орта ұсына әрі бизнесті құруға көмектеседі, сондықтан Қазақстанда инновациялық жобалардың пайда болуын күтеді. Бұл біздің экономикамыздың дамуына серпіліс беретін алғашқы қадамдардың бірі.»

2019 жылдың ақпан айының соңында OneWeb төменгі Жер маңы орбитасының бірінші легін сәтті іске қосты. Келесісін Байқоңыр ғарыш айлағынан 2020 жылдың ақпан айында ұшыру жоспарланған. Бұл жүйелі түрде 30 спутниктің бір мезетте ұшырылуын, осылайша OneWeb-тің 650 жерсеріктен тұратын жүйесінің бастау алғанын меңзейді. Әрі қарай қосымша жүктемені қамтамасыз ететін легі жалғасын табады.