Медицина • 28 Қаңтар, 2020

SОS медициналық жүйесі – аймақ медицинасына өзгеріс әкеле ме?

323 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Денсаулық» бағдарламасы аясында жүзеге асырылу үстін­дегі SOS медициналық жүйесін Маңғыстауда алғашқы болып облыс­тық перинаталдық орталығы орнатқан болатын. Жобаның жетекшісі, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы Нұртуған Мұма­медалиев орнатылған соң бір жылдан асқан уақыт ішінде оның қандай пайда әкелгеніне көз жеткізу үшін Ақтау қаласына келді.

SОS медициналық жүйесі – аймақ медицинасына өзгеріс әкеле ме?

Жүйе бойынша қабылдау бөлімінің ке­зек­­шісі шұғыл және қар­қын­ды ме­ди­ци­налық көмекті қажет ететін жүк­ті әйелдер түс­кен кезде «SOS» шұ­ғыл ша­қы­ру пультін басып, қажетті ма­­­мандарды шақыра алады. Ал шақыр­тылған дәрігерлер не­месе медбикелер шұғыл әре­кет етіп, қабылдау бөліміне түскен науқасты ота жасау бөл­­месіне кедер­гісіз жеткізеді не­месе басқа да көмектер көр­сете алады. Барлық ауруха­на бөлімдерінің қыз­меткерлері «SOS медициналық жүйесі» бо­йынша оқудан өткен, әсіресе реаниматолог, акушер-ги­не­­колог, жауапты кезекші дәрі­­­гер, директордың емдеу­ ісі жө­ніндегі орын­­басары, лаборант, дәрігерлер мен мейір­би­­келер.

Маңғыстау облыстық «Ана мен ба­ла» ор­талығының директоры Жамал Жа­манбаеваның айтуынша, «SOS меди­ци­налық жүйесі» жобасының мәні – нау­қастармен қызметкерлерге арналған ин­новациялық қауіп­сіздік технологияларын құруға бағытталған. Аталған жобаның іске қосылғанына бір жылдан сәл асқан және батыс өңі­рін­де ал­ғаш енгізген де осы пери­на­талдық орталық.

– Бұл жүйе өте ыңғайлы, ең алдымен емделушілер мен медбикелер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Перинаталдық орталыққа шұғыл түрде жеткізілген жүкті әйелдерді ота бөлмесіне апару қажеттігі туындаса, SOS те­тігін басу арқылы медбикелер кө­мекке шақырылып, қандай қажеттілік керектігі айтылады. Бы­лайша айтқанда ұялы телефонның рөлін атқарады деу­ге болады. Ең бастысы, уа­қыт жоғалтпай науқастарға са­палы қызмет көр­сетіледі және қажетті көмек 40 секунд­ пен 1 минут аралығында жа­са­­ла­ды. Көбіне қабылдау бөлі­мі, бо­сану залы, босанудан ке­йін­ге бөлім және реанимация бір-бірімен жиі байланысады, – дейді Жамал Әбдібекқызы.

SOS медициналық жүйесі науқастың жағдайы ауырлап, жедел көмек керек бол­ған жағ­дайда қолданылады. Тетікті бас­са­ңыз жеткілікті, кезекші мед­бикеге шұғыл хабар жетеді. Осылайша қызмет көрсету са­па­сын арттырып, уақыт үнем­деледі және науқастарға бақы­лау күшейеді. SOS медици­налық жүйесі облыстық пери­наталдық орта­лығының 13 нүк­тесіне орнатылған. Тағы бір ерек­шелігі, емделушілерден түс­­кен барлық арыз-шағымдар мен мәліметтерді орта­лық ди­рек­торы өз бақылауында ұстап отырады.

– Бұл жүйені науқастардың қауіп­сіздік деңгейін жоғары­латуға және медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында орнатқан бола­тынбыз. Осы уақытқа дейін 3 мыңнан астам жоспарлы және шұғыл шақыртулар жа­сал­ған. «Медициналық инцидент» деген термин бар, барлық әрекеттер осы жүйе арқылы тір­келеді. Бұл жүйе 2014 жылы құрылды және авторлық құқық иегері атанып отырмыз. Жалпы SOS медициналық жүйесі Нұр-Сұлтан қаласындағы EXPO аума­ғындағы «Astana Hub» ин­но­вациялық ІT технопаркінде жалғасуда және қазіргі уа­қыт­та 2.0 нұсқасы жасалуда. Қыс­қаша айт­қанда Астана пар­кі­нің алғашқы түлегі бо­лып есептелеміз. Отандық ин­но­ва­ция­лық технологияны ал­ғашқы болып қолдаған Жамал Жаман­баева жетекшілік ете­тін Маңғыстау облыстық пе­ри­на­талдық орталығы. Бұл өңір­де туу көрсеткіші жо­ғары. Бір мезгілде жүкті әйелдерді жат­қы­затын орын тапшылығы сезілуі мүмкін және мұндай кез­де шұғыл қимылдауға тура ке­ліп жататын кездер болуы мүмкін, дейді ол.

Бүгінде отандық жобаға қы­з­ығушы­лық та­нытып жатқан медициналық мекемелер аз емес. Маңғыстау облыстық пе­ри­­наталдық орта­лығынан кейін Бей­неу аудандық ауруханасы SOS меди­циналық жүйесін ор­натқан болатын.

Осылайша, отандық жоба­ның аймақ медицинасына ти­гізер пайдасын мамандар оң бағалап отыр. Медицинаға келген жаңалық, әрбір ілгерілеу­ші­лік ел игілігіне айналар болса, қуа­нуға болады.

Маңғыстау облысы