Тағайындау • 28 Қаңтар, 2020

Президенттік жастар кадр резервінің 7 мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

598 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадр резервінің 7 мүшесі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басшылық қызметке тағайындалды. Сонымен қатар қалалық әкімдіктегі бос лауазымдар 10 резервшіге ұсынылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттік жастар кадр резервінің 7 мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

Қазақстан Президентінің ;астар кадр резерві Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. 13 мың үміткердің 300-і резервке өтті. Жүсіп Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Нұрлыбек Балықбаев қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін Cтратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары - Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарды.

Дәулет Кәрібек «Нұр-Сұлтан жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы лауазымына өтті. Бұған дейін Jas Otan Жастар қанатының төрағасы қызметін атқарған.

Ерлан Сыздықов «Нұр-Сұлтан отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды. Әнуар Бижан «Нұр-Сұлтан активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алулар мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Жеке секторда жұмыс атқарған.

Дина Даниярова «Astana Invest» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жеке сектордағы қаржы мекемелерінде халықаралық тәжірибесі бар.

Лаура Демесінова «Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Резервшілермен кездесуде қала әкімі Алтай Көлгінов президенттік кадрлық резерв-бұл меритократия принципіне сәйкес келетін жастарға арналған әлеуметтік лифт екендігін атап өтті. Мемлекеттік аппараттың негізгі міндеттерінің бірі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, жедел және тиімді жұмыс істеу, шешім қабылдай білу.