Қазақстан • 28 Қаңтар, 2020

Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Абай даңғылын батысқа қарай ұзарту мақсатында тұрғын үйлерді сүру жұмыстарының белсенді кезеңі басталды. Қазіргі уақытта «Қалқаман» ықшам ауданындағы Арман көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта Абай даңғылы дәл осы көшемен жалғасатын болады.

Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр

Сонымен бірге шаһардағы Әшімов көшесінде де жолайрықтың құрылысы қызу қолға алынды. Жұмыстар басталғаннан бері ондаған жеке үй сүрілген.

Есте болса, бұған дейін Абай даңғылын ұзарту үшін Наурызбай ауданындағы 250-ден астам жер учаскесі сатып алынады деп хабарланған болатын. Жоба бойынша аталған құрылыс нысаны биылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Мамандардың сөзінше, бұл белгіленген мерзім созылуы мүмкін. Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Оның жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайды.