Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Жыл басынан бері Павлодарда мас күйінде көлікке отырған 39 жүргізуші ұсталды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция автокөлік жүргізушілеріне жол ережелерін қатаң сақтауды және мас күйде көлік тізгіндемеуді ескертеді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері Павлодарда мас күйінде көлікке отырған 39 жүргізуші ұсталды

Мас күйінде көлік жүргізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен жол қозғалысы саласындағы ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі ретінде анықталған. Егер жүргізуші мас күйінде екінші мәрте ұсталса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2020 жылдың басынан бастап 39 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін полиция алдында жауапқа тартылды. Барлық жүргізушілер 7-8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2020 жылдың 26 қаңтарында сағат 21.50-де Ломов, 162/1 көшесінде жүк тиегішті тоқтатты. Медициналық сараптама қорытындысында жүргізуші мас күйінде болған.

Патрульдеу кезінде 28 қаңтарда сағат 15.50-де Чкалов көшесінде КамАЗ көлігін тоқтатты. Алкогольді ішімдік ішкен жүргізуші орнында әрең тұрып, жол көлік ережесін сақтамаған. Медициналық сараптама қорытындысы ер адамның мас күйінде рөлде болғанын дәлелдеді.