«Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі - 44,9 пайыз. Рейтингте көш бастап тұрған елдердің тізімінде АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия мен Аустрия бар. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Германия мен Нидерланды елдері кірді» делінген зерттеуде.
Осылайша, сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды екен. Сол себепті оларда ақша жинау мүмкіндігі болмайды дейді.